Қоғам

Жұмыс таба алмаған түлектерге грантты өтеу мерзімі ұзартылуы мүмкін

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мемлекеттік грантпен білім алған түлектерге жұмысқа орналасу үшін қосымша уақыт беру мәселесін қарастыруға дайын екенін айтты.

Фото: pixabay.com

Министрдің сөзінше, оқуын енді аяқтаған жастардың еңбек өтілі аз болғандықтан, бірден жұмыс табуы қиын болуы мүмкін. Әсіресе ірі қалаларда еңбек нарығындағы бәсеке жоғары.

«Шыны керек, түлектерге уақыт берілуі керек. Олар енді ғана оқу бітірді. Жұмыс өтілі аз. Үлкен қалаларда еңбек нарығы өте белсенді, бәсеке жоғары. Сондықтан бұл мәселені қарастыруға тырысайық», - деді Саясат Нұрбек.

Қолданыстағы тәртіп бойынша мемлекеттік грантпен оқыған биылғы түлектер 1 қыркүйектен бастап грантты өтеу бойынша міндеттемелерін орындауға кірісуі тиіс. Енді министрлік жастарға жұмыс табу үшін қосымша уақыт беру мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Сайт Әкімшілігі