Қоғам

Қазақстаннан 645 млн теңгеге жуық ақшаны алып шықпақ болған шетелдік ұсталды

Шекарашылар 1-10 тамыз аралығында елден декларацияланбаған валютаны алып шығудың 70 әрекетін тоқтатты.

Фото: gov.kz

Солардың бірінде Жамбыл облысындағы «Қордай» өткізу бекетінде шетел азаматы ұсталды. Тексеру кезінде оның киімінің астынан 70 мың АҚШ доллары, яғни шамамен 32,5 млн теңге табылған.

Аталған факті бойынша материалдар тиісті органға жолданды. Еске салайық, Қазақстаннан 10 мың АҚШ долларынан асатын қолма-қол валютаны декларациясыз алып шығуға болмайды.

Белгіленген шектен асатын қаражат міндетті түрде декларациялануы тиіс.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Қордай шекара