Қоғам

Каспийде қаза болған әскери қызметшінің денесі табылды (ред.)

Маңғыстау облысында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан аға лейтенант Олжас Мұхтарұлының денесі туған жері Түркістан қаласына жеткізілді.

Фото: ҚМ

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери қызметшінің денесі 25 қыркүйек күні сағат 12:00 шамасында арнайы ұшақпен Түркістан әуежайына жеткізілген.

Сол күні қалада марқұммен қоштасу рәсімі өтті. Жаназа намазы оқылып, әскери қызметші туған жерінде жер қойнына тапсырылды.

Сайт Әкімшілігі