Алматыда курьердің көлігінен тыйым салынған вейптердің ірі партиясы табылды
Алматы қаласының Бостандық ауданында полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзған Hyundai автокөлігін тоқтатып, жүксалғышынан Қазақстанда айналымына тыйым салынған вейптердің ірі партиясын тапты.
Тексеру барысында көліктің жүксалғышынан электронды темекілер салынған қорап анықталған.
Жүргізуші өз сөзінде курьер болып жұмыс істейтінін және көрсетілген мекенжайға жүкті жеткізіп бара жатқанын айтқан.
Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тәркіленген өнімнің шығу тегі, оның иесі және жеткізу арналары анықталып жатыр.