Өңір

«Аяз басылады»: Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер 16-18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды

Осы аптада Қазақстанның бірнеше аймағында аязды ауа райы сақталған еді. Синоптик болжамына сәйкес алдағы күндері антициклон солтүстік-шығысқа қарай жылжып, осыған байланысты аяз басылады. Солтүстік Атлантикада пайда болған циклон жырасы республиканың батысынан жылжи бастайды. Сол себептен жауын-шашын мен қардың жаууы болжанып отыр. Салдарынан бұрқасын, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Циклон кейін басқа аймақтарға да жылжиды.

Түнде ауа температурасы батыста 0-10 градус аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 5-15 градус аязға дейін біртіндеп жоғарылайды. Бірақ шығыста 22-35 градус аяз әлі де сақталады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: аяз синоптик