«Сарбазға прокурорлық кеңес» жалпы республикалық профилактикалық іс-шарасы
Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күні қарсаңында Ұлттық ұланның 5451, Қорғаныс министрлігінің 31775, Төтенше жағдайлар министрлігінің 52859 әскери бөлімдерінде және Т. Бигелдинов атындағы әскери колледжде Орталық аймағының әскери прокуроры К.С. Кенчинбаевтің және прокуратура органдарының ардагерлері Н.К. Жанахметовтың, К.А. Есимовтың, Р.К. Мустафинаның, Э.К. Менсиитовтың, А.Т. Косановтың, Д.М. Турдыгуловтың мерзімді әскери қызметшілерімен (курсанттармен) кездесулері өтті.
Іс-шара «Сарбазға прокурорлық кеңес» жалпы республикалық акция аясында ұйымдастырылды және «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын ілгерілетуге, жеке құрамның құқықтық сауаттылығын дамытуға, әскери тәртіпті нығайтуға және жастардың бойында патриотизмді қалыптастыруға бағытталды.
Кездесу барысында әскери прокурор әскери қызмет (оқыту) туралы заңнаманың талаптарын түсіндірді, әскери қызметшілердің құқықтары мен міндеттеріне, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу сұрақтарына назар аударды.
Ардагерлер кәсіби және өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, әскери борышты адал орындаудың, тәртіпті сақтаудың, антқа адалдықтың және әрбір әскери қызметшінің жеке жауаптылығының маңыздылығын атап өтті.
Ашық диалог форматында әскери қызметшілер қызмет өткеру, әлеуметтік кепілдіктер және құқықтық қорғау сұрақтарына жауап алды.
Іс-шара қорытындысы бойынша оң нәтижелерге қол жеткізген жекелеген әскери қызметшілер (курсанттар) Бас әскери прокурордың қолы қойылған алғыс хатпен марапатталды.
Кездесу соңында қатысушыларға құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша іске асырылып жатқан заманауи шаралар көрсетілді, қонақтар қызмет (оқыту) шарттарымен танысты, содан кейін естелік суретке түсу өтті.