Қоғам

1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады

Қазақстанда жүргізушілер 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін көліктеріне қысқы дөңгелек орнатуы керек.

Фото: ашық дереккөз

Бұл талап ауа райына қарамастан күшінде болады. Сондықтан күн жылы болып, жолда қар болмаса да, жазғы дөңгелекпен жүргендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Алғаш рет ереже бұзған жүргізушіге 21 625 теңге айыппұл салынады. Ал осы заңбұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері 86 500 теңгеге дейін жетеді.

Айыппұл көлемі 2027 жылдың қаңтарынан бастап өсуі мүмкін. Қазір бір айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4 325 теңгеге тең. Келесі жылы ол 4 693 теңге болып бекітілсе, алғашқы заңбұзушылық үшін айыппұл 23 465 теңге, қайталанған жағдайда 93 860 теңге болады.

Қысқы шиналар көліктің төрт дөңгелегіне де орнатылуы тиіс. Олардың протектор тереңдігі кемінде 4 миллиметр болуы қажет.

Сайт Әкімшілігі