Баған

Қарағандыда атыс болды

Қарағанды қаласында кеше атыс болды. Қаланың орталық көшесінде орналасқан «Грин Сити Парк» жаңа тұрғын үй кешені аумағында бейтаныс біреулер екі жігітке қарудан оқ атып кеткен.

Jasalash.kz
Куәгерлердің айтуынша, атыс болған тұрғын үй аумағына көп көлік жиналып қалған. Оқ жарақатын алған екі адамды дәрігерлер жедел жәрдеммен алып кеткен. Ал суық қару қолданған жандар сол жерге көп аялдамай із суытқан. Бүгінде полиция қызметі Қарағандыда бұзақыларды  іздеуге кіріскен, қаланың бірнеше жерінде қару асынған  полиция қызметкерлері тұр.«Оқиғаға қатысушылардың тұлғалары мен оқиғаның мән жайы анықталуда. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293 бабы 3 тармағы » қару қолдану арқылы бұзақылық жасау " бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысты ашу, күдіктілерді ұстау бойынша облыстың Ішкі істер органының барлық жеке құрамына бағыттама  берілді",-  деп мәлімдеді Қарағанды облысы Полиция Департаментінің  баспасөз қызметі. Зардап шеккен екі жігіттің аяқтарына оқ тиген әрі сынған. Біреуінің бір аяғы жарақаттанса,  екіншісінің екі аяғына да оқ тиген. Олардың жағдайын  орташа ауыр деңгейде деген дәрігерлер екеуіне де ота жасау үшін дайындық жасап жатқанын хабарлады.

Арайлым Еркебаева, 

Қарағанды

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега