Алматы облыстық соты карантинге жабылды
Алматыоблыстық соты карантинге жабылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Бұл туралы ведомствоның Facebook желісіндегі парақшасында айтылады.
«COVID-19 короновирустық инфекциясыныңтаралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне байланысты 2020 жылдың маусым айының 8-19-ыаралығында Алматы облыстық сотының ғимаратында карантиндік шараларенгізіледі», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, соттағылардыңмәліметінше, енді ғимаратқа бөгде адамдардың кіруіне рұқсат етілмейді.Алоблыстық соттың барлық қызметкері жеті күндік үйдегі карантинге оқшауланады.
Сот істерін қарау мәселесі кейінгешегерілетіні айтылады. Сот отырыстарының тағайындалған күні мен уақыты туралыістерге қатысы бар тараптарға қосымша ақпарат жолданады деді соттағылар.
"Қысқамерзімде қаралуы тиіс іс материалдары, яғни Қылмыстық-процессуалдықкодексінің(ары қарай- ҚПК) 107-бабы негізінде қаралатын материалдар Талдықорғанқалалық сотының ғимаратында судьямен қашықтықтан қаралатын болады; шектеушараларының мерзімі мен режимі COVID-19 короновирус инфекциясының таралуыбойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін", — делінгенхабарламада.