Қоғам

15 қарашада "Медеу" мұз айдыны ашылады

Мұз айдынының ашылуына қатысты спорт кешенінің әкімшілігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zhasalash.kz.

Фото: из открытых источников

"Медеу" мұз айдынында жаңа сырғанау маусымы 2023 жылғы 15 қараша күні ашылады.

"Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін 15 қарашада сағат 10:00-ден бастап "Медеу" мұз айдынында көпшілік коньки тебе алады, ал маусымның ашылу салтанаты сағат 13:30-де басталады. Мұз айдынының ашылу бағдарламасында коньки тебушілер мұз айдынында өнер көрсетеді, флешмоб өтеді, ұтыс ойындары ойнатылады, әртістер өнер көрсетеді, сондай-ақ кешеннің ең белсенді қонақтарына сыйлықтар беріледі" - деп хабарлады "Медеу" спорт кешенінің баспасөз қызметі.

Мұз айдыны әкімшілігі қазір нысанда дайындық жұмыстары аяқталып, мұз құйылып жатқанын мәлімдеді.

Т. РАУШАНҰЛЫ