Қоғам

2021 жылдан бері халықаралық іздеуде болған қазақстандық елге жеткізілді

2021 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы шетелден елге қайтарылды.

Фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Арнайы операция 2 қазанда Бас прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген. Іс-шараға Ішкі істер министрлігінің Интерполдың Ұлттық орталық бюросы да қатысқан.

Күдікті Қазақстанға жеткізілгеннен кейін тергеу изоляторына қамалды. Қазір оған қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

ҰҚК күдіктінің қай мемлекеттен экстрадицияланғанын және аса ірі көлемдегі алаяқтыққа қатысты істің нақты мән-жайын жариялаған жоқ. Ведомство қалған ақпараттың қылмыстық-процестік заңнама талаптарына сәйкес жария етілмейтінін атап өтті.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: полиция ҰҚК