Қоғам

2027 жылдан бастап Алматыда отшашуға тыйым салынады

2027 жылғы 8 қаңтардан бастап Алматының төмен шығарындылар аймағында (LEZ) петарда, отшашу, салют және өзге де азаматтық пиротехниканы қолдануға шектеу енгізіледі.

Фото: smartik

Алайда бұл талап бірден бүкіл қалаға қолданылмайды. Тыйым тек төмен шығарындылар аймағының нақты шекарасы әкімдік қаулысымен бекітілгеннен кейін сол аумақта күшіне енеді.

Жаңа шектеу Алматыдағы ауа сапасын жақсартуға бағытталған экологиялық шаралардың бірі ретінде енгізілмек.

Сайт Әкімшілігі