Әлеумет

2027 жылдан бастап ҚызПУ студенттері тамаққа берілетін өтемақыдан қағылуы мүмкін

Мұндай ұсынысты Ғылым және жоғары білім министрлігі әзірледі.

Фото: 2gis

2027–2028 оқу жылынан бастап Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне мемлекеттік грантпен жаңадан қабылданатын студенттер ыстық тамақ шығынын өтеу құқығынан айырылуы мүмкін.

Қазір университетте мемлекеттік грант негізінде білім алатын студент қыздардың ыстық тамаққа жұмсаған шығыны толық өтеледі. Қаражат олардың банк шоттарына тікелей аударылуы мүмкін.

Министрлік ұсынысына сәйкес, жаңа тәртіп тек 2027–2028 оқу жылынан бастап оқуға түсетіндерге қатысты болады. Ал қазір грантпен білім алып жүрген немесе осы мерзімге дейін университетке қабылданған студенттер өтемақы алу құқығын сақтап қалады.

Ведомство бұл бастаманы бюджет шығындарын қысқарту қажеттілігімен түсіндірді. Алайда қанша қаражат үнемделетіні әзірге нақтыланбаған.

Ұсыныс білім беру гранттары мен шәкіртақыларға қатысты емес. Өзгеріс тек тамақтану шығынын өтеуге қатысты. Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланған. Қоғамдық талқылау 3 қарашаға дейін жалғасады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: ҚызПУ өтемақы