Қоғам

22 жастағы павлодарлық келіншек баласын туыстарына қалдырып, Көкшетауда есірткі таратпақ болған

Павлодар қаласының 22 жастағы тұрғыны есірткі таратты деген күдікпен Көкшетауда ұсталды.

Фото: полиция

Ол кішкентай баласын туыстарының қарауына қалдырып, басқа қалаға кеткен.

Полицияның мәліметінше, қыздың бұған дейін Павлодарда есірткі жасырып кетумен айналысқан болуы мүмкін. Кейін ол бұл әрекетін басқа қалада жалғастыруды жоспарлаған.

Алайда Көкшетауда күдікті қолға түсті. Тінту кезінде одан ұнтақ тәрізді зат салынған 50 орама және белгісіз сұйықтық құйылған 30 құты табылған. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір 22 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Тәркіленген заттардың құрамы мен істің өзге мән-жайы сараптама және тергеу нәтижесінде анықталмақ.

Сайт Әкімшілігі