Қоғам

24 қазан - кітапханашылар күні

Ел аумағында 11 мыңға жуық кітапхана бар

Фото: из открытых источников

Бүгінде барлық кітапханашылар төл мерекелерін тойлауда, деп жазады Zhasalash.kz. 

Ал жалпы кітап қоры 328 миллион дана. Оларда 25 мыңнан астам адам еңбек етеді. Ал 2025-ші жылдан бастап, кітапханашылардың еңбек ақысы 100 пайызға көтеріледі. Бүгінде елімізде кітапхана қызметін пайдаланушылар саны 9,5 миллионға жетті. Соңғы 5 жылда мемлекеттік тапсырыспен 4,5 миллион кітап шыққан. Биыл кітапхана ісі мамандығына 100 білім беру гранты бөлінді.

Т. РАУШАНҰЛЫ