Қоғам

«4 сағат үйінді астында жатқан» – Орлов шахтасындағы апаттан аман қалған жұмысшы оқиғаны баяндап берді

Абай облысындағы Орлов шахтасында болған қайғылы оқиғадан кейін аман қалған жұмысшы жағдайдың қалай болғанын баяндады, деп хабарлайды өңірлік денсаулық сақтау басқармасы.

Фото: из открытых источников

Ведомствоның дерегінше, тау жыныстарының құлауы салдарынан 1985 жылы туған ер адам ауыр жарақат алған. Ол басы, денесі және аяқ-қол тұстарынан зақымданып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.

Зардап шегушінің айтуынша, 27 сәуір күні шамамен сағат 11:00-де шахта ішінде опырылу болып, ол үйінді астында қалып қойған. Құтқарушылар келгенге дейін ер адам шамамен төрт сағат бойы үйінді арасында жатқан. Алғашқы медициналық көмек Бородулиха аудандық ауруханасында көрсетіліп, рентген түсіріліп, инфузиялық ем, ауырсынуды басу және гормондық терапия жүргізілген.

Одан кейін науқас жедел жәрдеммен Семей қаласына жеткізіліп, бірқатар сала мамандарының тексеруінен өткен.

Қазіргі таңда оның жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер алдағы ем тактикасын анықтау үшін консилиум өткізуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, аталған шахтадағы төтенше жағдай салдарынан бір адам көз жұмып, тағы бір жұмысшы жарақат алған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, апатқа тау жынысының опырылуы себеп болған.

Сайт Әкімшілігі