Қоғам

«500 мың теңгеге қуыршақ сатылады»: Хабарландырудың бала саудасына қатысы бар ма?

Әлеуметтік желілерде 500 мың теңге тұратын қуыршақтың сатылымы туралы хабарландыру тараған.

Фото: ашық дереккөз

Жарияланымдағы баға мен оның мазмұны желі қолданушыларының алаңдаушылығын туғызды.

Азаматтар хабарландырудың астарында жаңа туған нәрестені сату туралы ұсыныс болуы мүмкін деген болжам жасаған.

Осыған байланысты Алматы полициясы тексеру жүргізіп, хабарландыру авторын анықтады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жарияланымды психоневрологиялық есепте тұрған ер адам жариялаған.

Тексеру барысында оның адам саудасына, соның ішінде жаңа туған сәбилерді сатуға қатысы бар екенін растайтын ешқандай дерек анықталмаған.

Осылайша, әлеуметтік желіде тараған баланы сату туралы ақпарат расталмады. Полиция хабарландыруда нақты қуыршақтың сатылымы туралы айтылғанын мәлімдеді.

Сайт Әкімшілігі