Қоғам

6 мыңнан астам адамды қаржы пирамидасына тартқан елорда тұрғынына қатысты сот шешімі өзгертілді

Астанада мыңдаған адамды қаржы пирамидасына тартып, одан жүздеген миллион теңге табыс тапқан тұрғынға қатысты сот шешімі қайта қаралды.

Фото: ашық дереккөз

Тергеу материалдарына сәйкес, елорда тұрғыны 2023-2025 жылдар аралығында қаржы пирамидасын ұйымдастырған. Оның қызметіне 6,2 мыңнан астам адам тартылған. Ал ұйымдастырушының заңсыз жолмен тапқан табысы 337 млн теңгеге жеткен.

Алғашқы сот шешімімен айыпталушы мүлкін тәркілеусіз бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Алайда Бас прокуратура сот тағайындаған жазаны тым жеңіл деп бағалап, онымен келіспеген. Осыған байланысты прокурор сот актісіне наразылық білдірді.

Нәтижесінде кассациялық сот прокурордың наразылығын қанағаттандырды. Бұған дейін шығарылған сот актілерінің күші жойылып, қылмыстық іс қайта қарау үшін жаңа сот талқылауына жіберілді

.Енді қаржы пирамидасын ұйымдастыруға қатысты істің барлық мән-жайы қайта қаралып, айыпталушыға тағайындалатын жаза мәселесі сотта жаңадан бағаланады.

Сайт Әкімшілігі