90 жастағы әжей дәрігерлерге алғыс айтты
Шымкенттік 90 жастағы қария Жақсыкүл Бектеміровапневмониядан жазылып шықты. Ауыр халдегі ғасыр жасаған қала тұрғыны кардиологиялық орталыққажедел жәрдеммен жеткізілген болатын.
Шымкентқаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқасты тексергенмамандар оның өкпесінің зақымданғанын анықтап, екі жақты пневмония диагнозынқойған. Денсаулық жағдайының ауырлауына байланысты дәрігерлер әжейді бірденжансақтау бөліміне жатқызған. Мұнда науқасқа емдеу хаттамасына сәйкесмедициналық көмек көрсетіледі. Нәтижесінде қарт кісінің денсаулығы жақсарып, 28шілде күні ауруханадан шығарылды. Ал әжей медицина мамандарына алғысынбілдіріп, батасын берді.