А.Баталов: «Депутаттар жолдауды дұрыс түсіндірмейді»
Бүгін Алматыоблысының активі президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ Қазақстан халқына жасағаналғашқы жолдауын кеңінен талқылады.
Облыс әкімдігінің мәжіліс залында ине шаншаржер болмады. Жиынға облыстық басқарма басшылары, аудан әкімдерінен басқа ҚРпрезиденті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Қуаныш АСЫЛОВ қатысты.
Өңір басшысыАмандық БАТАЛОВТЫҢ ойынша осыған дейінгі жолдауларды Нұр-Сұлтаннан арнайысапарлап келетін депутаттар дұрыс түсіндірмей келген. Сол себепті жаңапрезиденттің жаңа жолдауын халыққа енді облыс шенділерінен құрылатын комиссиятүсіндірмек.
«Әдетте депутаттар келсе олардың өзін күту бір жұмысболатын. Енді ет асып, олардың қарнын тойдыру деген болмайды. Жер-жерді аралау,түсіндіру, жолдауда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жергілікті адамдарданқұралған комиссияға жүктеледі», — деді Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ.
Тоқаевтыңжолдауын түсіндіру барысында әкім Алматы облысының жетістіктерін тілге тиек етті. Айтуынша, аймақта биыл қай салаболмасын өсім бар. Алайда, оны насихаттау ісі әлсіз екен.
«Кеше ғана Қапшағай қаласында премьер-министрдіңорынбасары Жеңіс ҚАСЫМБЕК Алматы облысын мақтады. Атқарылып жатқан жұмыстардыңауқымды, жетістіктердің көп екенін айтты. Бірақ солардың бәрін насихаттай алмайжатырмыз. БАҚ арқылы көрсетуіміз керек. Өзімнің баспасөз хатшыма да бұлмәселені айттым», — деді Амандық Баталов.
Жолдаудакөрсетілген өзекті мәселенің бірі — көпбалалы, аз қамтылған отбасыларынбаспанамен қамту. Алматы облысында қыркүйектің соңына дейін біраз көпбалалы анабасыбайлы баспанамен қамтылмақ. Әкімнің сөзінше, 2 жыл бойы салынып келе жатқан коттеджқалашығында 150 баспананың кілті жуық арада табысталады.
Жолдаудағыөзекті бағыттарға қатысты ой айтады деп күткен актив мүшелері Амандық Баталовтымақтаудан ары аспады. Баталовтың өзі «мені мақтауды доғарыңдар, одан да президент жолдауын талдайық» демеді.
Айдын ИМАНБЕКОВ, кәсіпкер:
«Амандық Ғаббасұлы, осыорайда сіздің көрсетіп жатқан қолдауыңыздың арқасында осы жылы және ағымдағыжылы 2 жаңа жобаны жүзеге асыруды бастап кеттік. Осы сәтті пайдалана отырып, өзкомпаниямның ұжымы атынан, барлық кәсіпкерлер атынан көрсетіліп жатқан қолдауларыңызүшін алғысымызды білдіре отырып, зорденсаулық, жұмыстарыңызға табыс, сәттілік тілеймін».
Ғалия ТЕМІРБАЕВА, мемлекет қайраткері:
"ҚадірмендіАмандық Ғаббасұлы, сіз мәдениет қызметкерлеріне үлкен қолдау көрсетіп жатырсыз.Былтыр ғана республикада теңдесі жоқ жаңа театрға кірдік. Өнер қызметкерлерініңатынан, театрдың атынан сізге үлкен алғыс айтқымыз кеп отыр".
Игорь СКОРОМНЫЙ, мұғалім:
"Құрметті, Амандық Ғаббасұлы, Алматы облысы педогогтарыатынан барлық жанашырлықтар үшін сіз арқылы мемлекет басшысына зор алғысымыздыбілдіреміз".
Ал, жиынғаарнайы келген жас маман Алмас БАТЫРХАН, тіпті, Қазақстанды дамыған 30 ел емес,алғашқы 3 елдің қатарына қосуға болады деп санайды.
«Талмай еңбек етемін деген жасқа жұмыс та бар, үй де бар, оқу дабар. Атап айтсам, „жұмыспен қамтудың жол картасы“, „дипломменауылға“, „бизнестің жол картасы-2020“ бағдарламалары осыныңдәлелі. Мен бар күшімді мемлекетімнің дамуына жұмсаймын. Қазіргі таңда қазақ елі дамыған 30 елдіңқатарына ғана емес ондыққа, тіпті, осындай мүмкіндіктермен үштікке де енуімізәбден мүмкін».
Жиында арнайысөз сөйлеу үшін үй жұмысын дайындаған мектеп оқушыларындай алдын ала жазылғанмәтіндерімен келгендер де болды.
Ал, президентжолдауы талқыланып, ой кешіріңіз, облыс әкімін жаппай мақтап жатқан сәтте кейбіреулер ұйықтап та алды. Ал, Амандық Баталовтың өзіне көп мақтау майдай жаққандай, өте сергек отырды.
Фотоларды автор ұсынды.