Саясат

А. Маминнің Сан-Францискоға сапары: стартаптар, венчурлық капитал және цифрлық технологиялар

ҚР Премьер-МинистріАсқар Мамин АҚШ-қа жұмыс сапары аясында Сан-Франциско қаласына барып, ондацифрлық даму, венчурлық қаржыландыру және энергетика саласындағы жетекшіәлемдік компаниялардың басшылығымен кездесулер өткізді.

Jasalash.kz

Үкіметбасшысы Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) «Төртінші өнеркәсіптікреволюция орталығының» басшылығымен кездесіп,  ДЭФ басқарушы директоры Р.Саманспен инновациялық технологияларды реттеу саласындағы ынтымақтастықтыңперспективалы бағыттарын талқылады. 

Кездесуқорытындысы бойынша, «Төртінші өнеркәсіптік революция орталығы» мен  «Астана» Халықаралық қаржыорталығының (АХҚО) арасында Заттар интернетін (IoT) дамытуда стратегиялықәріптестік туралы құжатқа қол қойылды, бұл 2020 жылы Қазақстанда төртіншіөнеркәсіптік революция бойынша ДЭФ Үлестес орталығын құруға жасалған алғашқықадам болды. Мұндай мекемелер жаңа технологиялар мен инновациялық жобалардыңдамуын жүйелі мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуге ықпалын тигізе отырып,Израиль, Үндістан,  Қытай, БАӘ, Колумбия, ОАР, АҚШ пен Жапонияда жұмысістейді. 

Премьер-Министр А. Мамин «500Startups» венчурлық қорының басшысы К. Цаймен келіссөз өткізді, оныңқорытындысы бойынша «QazTechVentures» АҚ қазақстандық ұлттық даму институтын«500 Startups» V Жаһандық қорына қосу туралы келісімге қол қойылды. 

Бұл құжат болашақтаҚазақстанда Тақырыптық венчурлық қор құруды қарастырады. Жоба венчурлыққаржыландыру мен инновациялық кәсіпкерліктің дамуына серпін береді, сөйтіп,стартап компанияларды венчурлық капиталмен қамтамасыз етеді. 

А. Маминнің «Bright Sphere Investment Group» (BSIG) инвестициялық тобының қаржы директорыС. Ранмен келіссөз қорытындысы бойынша Қазақстандық тікелей инвестициялар қоры(KIDF) мен BSIG арасында 2020 жылы Қазақстан аумағында инфрақұрылымдықжобаларды қаржыландыру үшін бірлескен қор құруда ынтымақтастық туралымеморандумға қол қойылды. 

Анықтама: BSIG –жетекші ғаламдық инвестициялық топ, оның басқаруында $200 млрд-тан астам қаржыбар. 7 басқарушы компания арқылы 30 елде жобаларды іске асырады, әлем бойынша20 кеңсесі және 850 институционалдық және ірі корпоративтік клиенттерібар. 

Қазақстандаинновациялық экожүйені, венчурлық капитал мен стартап жобаларды дамытумәселелері А. Маминнің «Plug and Play» компаниясының басшылығымен әңгімесібарысында қарастырылды, оның кеңсесін «Astana Hub» алаңында ашукөзделген. 

Үкімет басшысы«C3.ai» компаниясының бас атқарушы директоры Т. Сибелмен келіссөз кезінде ҚРмұнайгаз және басқа да секторларында жасанды интеллектіні қолданудаынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

«Cisco» трансұлттықкомпаниясының президенті Г. Дидрихпен кездесуде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттікбағдарламасында бекітілген мақсаттарға қол жеткізуде және ақпараттықтехнологиялар саласында ынтымақтастықтың жаңартылған стратегиясын іске асырумәселелері қаралды. 

«One Web»компаниясының бас атқарушы директоры А. Штекельмен кездесу барысындаҚазақстанның аумағын, оның ішінде шалғайдағы және жету қиын аудандардыжерсеріктік байланыс арқылы жаппай жылдамдығы жоғары кең жолақты интернетпенқамту жобасын іске асыру перспективалары қаралды. Келіссөз қорытындысы бойыншаАХҚО Басқарушысы Қ. Келімбетов және «One Web» басшысы А. Штекель жобаны оданәрі ілгерілету туралы құжатқа қол қойды. 

«Chevron» корпорациясының барлау және кен өндіружөніндегі атқарушы вице-президенті Д. Джонсонмен әңгімелесу кезінде Болашақкеңейту жобасы, «Теңізшевроил» жобасында тауарлар мен көрсетілетін қызметтербойынша қазақстандық қамтуды одан әрі арттыру, сондай-ақ қазақстандықжұмыскерлердің әлеуметтік қамсыздандырылуы мен еңбек жағдайларын жақсартубойынша бірлескен шаралар әзірлеу мәселелері талқыланды. 

«ValvTechnologies» компаниясының президенті К. Хантпенкеліссөз барысында Қазақстанда мұнайгаз секторы үшін клапандар мен тиектершығару зауытын ашу мүмкіндігі қаралды. Шығарылған өнімді болашақта«Теңізшевроил»-ды кеңейту жобасын іске асыру аясында пайдалану, сондай-ақкөршілес елдердің нарықтарына экспорттау жоспарланған. 

А. Мамин «42»компьютерлік бағдарламалау мектебінің және ІТ саласындағы «Qwasar» білім берукомпаниясының негізін қалаушы К. Ямгнанемен кездесу өткізіп, оныменҚазақстанның цифрлық экономикасы үшін мамандар даярлаудағы ынтымақтастықперспективаларын талқылады. 

Премьер-Министр «Tesla» компаниясының кеңсесі мен зауытынаралады, онда компания басшылығымен кездесу аясында Қазақстанда жанар-жағармайқұю станциялары желісін кеңейту және электромобильдер үшін сервис орталықтарынашу мәселелері қаралды. 

Фото: primeminister.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега