Сараптама

Абаев: Қазақстанда діни мерекелерді тойлауға тыйым салынады

Коронавирус пандемиясына байланысты елімізде діни мекерелерді тойлауға тыйым салынады.

Jasalash.kz
Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты. Министрдің айтуынша, сәуір айында қазақстандықтар үшін маңызды бірқатар маңызды діни мейрам бар.

«Олар — ораза, православ, католиктердің пасхасы, яһудейлік песах және тағы басқа. Сөзсіз олардың барлығы көптеген азаматқа үлкен маңызы бар. Біз дін ұстанушы азаматтарымыздың діни сеніме зор құрметпен қараймыз. Алайда коронавирус індеті барлық адамның денсаулығына, өміріне қауіп төндіріп отыр. Сондықтан көптеген ел эпидемияға қарсы бұрын-соңды болмаған шектеулер енгізіп жатыр. Вирус таралмауы үшін адамдар жиналатын барлық шараға, оның ішінде діни шараларға да уақытша тыйым салынады. Себебі, бұл діни шаралар кезінде ғибадат орындарында туыстары және жақындарымен жиналады. Бірге мазар басына барады», — деді ол онлайн-брифингте.

Бұған дейін «Жас „Алашқа“ мұны діни басқарма өкілдері де айтқан болатын. 

Дәурен Абаев діни мейрамдар кезінде карантин режимін бұзбау қажетін айта келе,  »қазіргідей күрделі уақытта ең басты мәселе – адамның денсаулығы мен амандағы. Ешқандай дін адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенді мақұлдамайды. Осы ретте барлық діни және этномәдени ұйымдардың басшылары мен азаматтарын түсіністік танытуға шақырамыз. Діни мейрам кезінде карантин режимін сақтауды сұраймыз. Діни бірлестікте мерекелік діни рәсімдерді онлайн режимде өткізуге ұсынамыз", — деді. 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега