Сараптама

Абай 175: Абайдың әкімі арашаға ақынды шақырды (видео)

Апта басынанбері әлеуметтік желінің басты тақырыбына айналған Сыртқасқабұлақтағы «Абайдыңүш ішекті домбырасы» төңірегіндегі даулы әңгіме әлі де жалғасып жатыр.

Jasalash.kz

  Бұл мәселені «Жас Алаш» ең алғаш қозғаған болатын. Бұлтақырыптағы пікірталас қыза келе қоғамдық пікірдің екіге жарылуына әкеп соқты. Бірі«домбыраның жолға төселіп, аяққа басылатын» кейіпке түсетініне наразылығынбілдірсе, қарсы топ бұған «жаңашылдыққа шақыратын өнер туындысы» ретіндеқарауға шақырып, бұқараның «көзін ашуға» тырысты.

  Тіпті, әңгіметанымал дәстүрлі әншілердің де пайым- көзқарасының қайшылыққа ұласуына түрткі болды.Рамазан Стамғазиев, Гүлмира Сарина сияқты өнер тарландарының петиция жариялап,қол жинағаны да ешкімнің қарап отыра алмайтындығын көрсетті.

  Бірақ, қызығысол, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жақында ғана Абай ауданынабарған сапарында алдымен Сыртқасқабұлаққа аялдап, абаттандырудың ақынның кіндікқаны тамған бұлақтан басталғанын айтқан еді. Сөз арасында осы жерде Абайдыңдомбырасын еске түсіретін көрініс болатынын да өз аузымен айтып қалған.

   Ал, әлеуметтікжелідегі тартысты негізге алған телеарна журналистеріне берген сұхбатында Абайауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров домбыраға қатысты «қатып қалған»көзқарастан арылатын кез жеткенін мәлімдеді. «Қалыптасып қалған стеоротиптікұғымды қойып, бұл дизайнды сәулет өнер деп қабылдауымыз керек деп ойлаймын»деді аудан әкімі Ж. Борашұлы.

   Деуін дейді-ау,бірақ, әкімнің айтып отырғаны Сыртқасқабұлақтағы емес, Қарауылтөбеде құрылысықызып жатқан саябағы бар тағы бір «домбыра» екенін ел енді ғана біле бастады.Яғни, Абай тойына орай ақын туған топырақта домбыра формасындағы бір емес екі«сәулет өнері» көз тартатын болады.  

    Бірақ, сынғаұшырай берген де қайбір жақсы, қазір Абай ауданы әкімдігі «жерде жатқан» қос домбыраныңдауынан басын арашалауға барын салып жатыр. Аудан әкімі Жарқынбек Байсабыровбастаған шенеуніктер енді қорғаныстың жаңа түріне көшіп, Қарауылда өлең төрінкүзеткен талантты ақын, Жамбыл атындағы халықаралық мүшайраның бас жүлде иегеріТөлеген Жанғалиевті бейнекамера алдында сөйлетіп, оны әлеуметтік желіге салыпүлгерді. Қызығы сол, Төлеген ақынның сөз ыңғайынан да Сырт Қасқабұлақтағы «Абайдомбырасы» байқалып қалды.

 Бірақ, жұртты шамдандырған ешқандай «домбыра»көрмепті. «Ол жерде ешқандай домбыраның көлемі де, көрінісі де жоқ. Болашақтаболады деген эскиз әркімнің қолына түсіп кетіп, инстаграм, ватсапқа жіберіпшуылдатып қойған сияқты» дей келіп, көбіне үйде «карантинде отырған елдіңазаматтары» тарапынан тарап кеткен қауесет санайтынына қынжылысын білдіріпті.

   Бұл күнде Абайелінің беткеұстар ақсақалы, арқалы ақыны ретінде халқына қадірлі ТөлегенЖанғалиевтің туған жеріне жаны аши сөйлегені орынды екеніне сөз жоқ. Алайда,облыс әкімі Даниал Ахметовтің Сырт Қасқабұлақта «Абайдың домбырасын ескетүсіретін көрініс» болатынын өз аузымен айтқанын қалай жоққа шығарамыз?Кім-кімді алдады? Әкімдік шенеуніктері Төлеген ақынды ол жерде ешқандай домбыраболмайтынына сендіріп айтқызғанымен қоймай, облыс басшысының сөзін де жоққашығарып отырғанын аңғармай қалған сияқты. Аудан әкімі Ж.Байсабыровтың«сеоротиптік көзқарастан арылуға шақырғаны» да домбыра құрылысыныңшынымен,қолға алынғанын, құрылысы қарқынды жүріп жатқанын көрсетіп тұр емеспе?! Абай ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған бұлбейнежазбаны той қамына елеңдегін ел тегіс көргені даусыз.

    Әлеуметтік желідемекші, жұрт жаппай көз тігіп отырған жайға байланысты Мақсат Жәнібек есімдіқолданушының жариялаған жазбасы да назарымызға ілікті. «Домбыра жайлы көпшілікбілмейтін мәліметтер» жайымен бөліскен азамат ойының соңын былай түйіндепті:

«…Әкімшілік демекші Абай ауданының әкімшілігі не дейді екен деп инстаграмдағыпарақшасын қарадым. Даниял Ахметов өз аузымен бар деген дүниені, жергіліктіәкімшілік, ақын ағамыз Төлеген Жанғалиевтың аузымен жоққа шығарып отыр екен.Түсініксіздеу боп қалды. Жергілікті әкімнің өзі шығып, «осылай қалды» немесе«өзгерді» деп айтуы керек еді. Бар ды бар, жоқты жоқ деген де ерлік негізі.Былтыр Семейде шу болған Мәншүктің ағаш мүсіні сабақ болмады.

Жердежатқан домбыраның тас сызбасынан, домбыра құндылығы, символы кеміп қалмайтынынтүсінемін, бірақ негізгі мақсат сол құндылықты насихаттау болса, онда басқакомпозициялық шешім керек еді. Аспандағы емес, жердегі жұртқа алыстанкөрінетіндей, шетелдік туристер фонға алып суретке түсетіндей, солайша әлемгенасихатталатындай...»,-дейді М. Жәнібек. 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега