Қоғам

Абай облысында 20 жастағы қыз асқан қатыгездікпен өлтірілген: Анасы халықтан көмек сұрады

Абай облысында 20 жастағы Дильназ Жұмағұлованың өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Фото: әлеуметтік желіден

Қыздың анасы істің әділ әрі жан-жақты тергелуін сұрап, кінәлі адамның заң алдында жауап беруін талап етті.

Дильназдың денесі 13 шілдеде Бородулиха ауылындағы үйлердің бірінің маңынан табылған. Анасының айтуынша, қызының денесінде көптеген пышақ жарақаты болған.

Марқұмның анасы болған жағдайдың барлық мән-жайы толық анықталып, қылмысқа кінәлі адам тиісті жазасын алуы керек деп есептейді. Осыған байланысты ол халықтан істің әділ тергелуіне назар аударып, қолдау көрсетуін сұрады.

Абай облысының полиция департаменті бұл дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Тергеу барысында күдікті ретінде ауданның 20 жастағы тұрғыны ұсталған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталуда.

Сайт Әкімшілігі