Оқиғалар

Абай облысында денесінде пышақ жарақаты бар бойжеткеннің мәйіті табылды

Абай облысында пышақ жарақатын алған бойжеткеннің мәйіті табылды. Қайғылы оқиға 13 шілде күні таңертең Бородулиха ауылында болған.

Фото: ашық дереккөз

Полицияның мәліметінше, тұрғын үйлердің бірінің маңынан денесінде пышақ жарақаттары бар қыздың мәйіті табылған.

Аталған дерек бойынша адам өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, ауданның 20 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Тергеудің алдын ала нұсқасына сәйкес, күдікті марқұммен таныс болған. Екеуінің арасында жеке бас араздығынан жанжал туындап, соңы қайғылы жағдайға ұласқан.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сайт Әкімшілігі