Абай облысында көлік терезесінен басын шығарған бойжеткен жауапқа тартылды
Абай облысының Полиция департаменті әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қозғалыс кезінде жеңіл автокөліктің терезесінен денесін шығарып тұрған жолаушы қыз бейнеленген видеоны анықтады.
Тексеру нәтижесінде полиция қызметкерлері көлік жүргізушісі мен жолаушының жеке басын анықтаған.
20 жастағы жүргізуші жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицияның мәліметінше, бұл құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанғандықтан, іс материалдары сотқа жолданған.
Ал 21 жастағы флорист болып жұмыс істейтін бойжеткен де қозғалыс кезінде көлік терезесінен денесін шығарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.