«Әбділдин ұлттың лидері еді»
Бүгін Алматы халқы Жамбылатындағы филармонияда мемлекет және қоғам қайраткері, оппозициялық саясаткер,ғалым Серікболсын ӘБДІЛДИНДІ ақтық сапарға шығарып салды.
Қоштасу рәсіміне саясаткердің туған-туыстары, ғылымдағы және саясаттағыәріптестері, шәкірттері келді.
Қаралы жиынды Алматықаласы Тілдерді дамыту басқармасы басшысы Мамай АХЕТОВ жүргізді. Сондай-ақ,жергілікті билік тарапынан қала басшысының орынбасары Ержан БАБАҚҰМАР қатысты.
Марқұм СерікболсынӘбілдинмен оппозицияда әріптес болған Ғазиз АЛДАМЖАРОВ, Болат ӘБІЛОВ, БалташТҰРСЫНБАЕВ, Зәуреш БАТАЛОВА, Жасарал ҚУАНЫШАЛИН сынды саясаткерлер де болды.
«Сәкең Жоғарғы кеңесте төраға болған кезде парламентқабылданған заңдар сапалы еді. Онда Сәкеңнің ақылы, парасаты, ойы жатыр. Өзбасым Әбділдинді қазіргі Қазақстанды тұрғызған бірінші азамат жәнеқазақтың ұлттық лидері деп санаймын. 1999 жылы сайлауға түскенде мен штабынбасқардым. Ел ішін араладық. Сол кезде Сәкең жеңіске жетті. Өмірде талайадаммен араластым. Бұндай таза, адал нағыз интеллигент көргенім жоқ. Сіздер ағамыздыңқатты сөз айтқанын, ашуланғанын көрдіңіздер ме? Соңғы жылдары коммунистікпартияны бірге басқардық. Бұл кісі қолынан келгенше қазағын қорғады. Мемлекеттежасалып жатқан қателіктерді ашық айтты. Оны біреу тыңдады, біреу тыңдамады.Қазір Қазақстанда демократияның сәлде болса ұшқыны болса, ол Сәкеңнің еңбегі.Ол кісі болмағанда Өзбекстан мен Түркменстан сияқты болып шығар едік», — деді саясаткерҒазиз Алдамжаров.
Саясаткер 82 жасында 2019 жылдың 31 желтоқсанында ауруханада қайтыс болды.Серікболсын Әбділдин 1960 жылдары Қазақ ССР жоспарлау комитетінде және ауылшаруашылығы министрінің орынбасары болып қызмет етті. Қазақ ССР министрлеркеңесінің Мәскеудегі өкілі де болды. 1991-1993 жылдары Парламенттөрағасы, 1999-2004 жылдары екінші шақырылымдағы парламент Мәжілісініңдепутаты болып сайланды. Экономика ғылымдарының докторы, профессор өмірінің соңғы жылдары Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінде дәріс оқыды.
Фото автордікі.