Саясат

Әбділдиннің парламентінде Назарбаевты да сынайтынбыз

Көрнекті мемлекет қайраткері, халықтың нағызжақтаушысы, қайсар оппозиционер, ойшыл ғалым, аты аңызға айналған қазақтыңбіртуар ұлы Серікболсын ӘБДІЛДИНөмірден озды.

Jasalash.kz

Еліміздің түпкір-түпкірінен, алыс шетелдерден марқұмның артынанкөңілдерін мыңдаған қарапайым адамдар, белгілі тұлғалар қайғыға ортақ екендерінбілдіріп, сіңірген еңбектерін атап жатыр.Бұл кісінің халқына істеген қызметі, мемлекеттігімізді қалыптастырудағысіңірген еңбегі, әсіресе Тәуелсіздігіміздің заңнамалық негізін қалаудағыЖоғарғы Кеңестің төрағасы ретінде көрсеткен ерлігі Қазақстанның жаңа тарихындаалтын әріптермен жазылатынына еш күмән жоқ. Секеңнің даналығының арқасында халықтансайланған, бұқараның аманатын жалау еткен от ауыз, орақ тілді депутаттарды текетіреске жібермей, дауылдарға айналған пікірталастарда, «тығырыққа тірелген»сәттерде даналық сөзін айтып, жол таба білгеніне өзім де талай куә болдым.Ұлы тұлға, талантты саясаткер Әбділдиннің төрағалығының арқасында қызу таластармен қайшылықтар еңсеріліп Тәуелсіздік жарияланып, тұнғыш Конституциямызқабылданып, мемлекеттік рәміздер бекітілді.Серікболсын ағамыз еліміздің тарихында өшпес із қалтырды.Шынайы балама арқылы Қазақстан Парламентінің төрағасы болып жаңа тарихымыздасайланған жалғыз тұлға – Серікболсын Әбділдин. Осылай сайланғанының арқасындаол жер-жерлерден демократиялық жолмен 1990-шы жылы сайланған 360 депутаттыбасқара білді. Әрқайсысының пікірімен санасып, принципті қарым-қатынас құрып,көпшіліктің көңілін таба білді де, жетекшілік етті. «Екі қошқардың басы бірқазанға сыймайды» дегенді еске алып, Тұңғыш Төраға үлкен саяси таланттың иесіекенін мойындауымыз керек.Секең есіме түсіп, 1994-ші жылы сайланған Жоғарғы Кеңестің 13-ші шақырылымыныңбасшыларының дәрменсіздігіне шыдай алмай, көмекшілерінің жазып бергендерін ғанаоқып отырған «көсемдерді» орындарынан кетулерін талап еттім. Себебі,Әбділдиннің белсенділігі мен үшін үлкен үлгі, демократиялық стандартқа айналды.Төрағаның арқасында депутаттық қызметіміздің керектігін, ел алдындағыжауапкершілігімізді анық сезінетін болдық. Парламенттің беделі таудай болғаныда жетекшіміздің арқасы деп санаймын. Жалпы отырыстарға, кейде, комитетотырыстарына Президенттің өзін күрделі мәселелер бойынша шақырып алатынбыз.Назарбаев алдымызға келіп нақты сұрақтарымызға жауап беретін. Қызып кеткенкейбір әріптестеріміз Назарбаевтың өзін сынап, ұсынған адамдарын өткізбейқойған жерлеріміз де болған. Бұны да қатардағы жағдай деп барлығымызқабылдайтынбыз.Секеңнің тағы бір қасиеті – адамгершілігі, қарапайымдылығы. Ол кісі ешқашаншалқаймады, шіренбеді. Төраға болып жүріп, қатардағы депутаттармен өзін теңұстады. Шыдамдылығы таңқаларлық. Кейде, «дереу сөз бере қоймадыңыз» деп қаттысынға алатынбыз. Артық айтып қойған жерлеріміз де болды. Өзім де тіл тигізгенімбар. Ол кісі болса, бір де бір рет ренішін көрсетіп, кек сақтаған емес. Бұл ұлытұлғаға тән қасиет.Әбділдин тағы бір стандарт көрсетіп кетті. Жоғарыда жүрген «көсемдер» жиі-жиі үлкенсаясаттың кір, лас екендігін, өздерінің амалсыздан сол ортада жүргендігін тілгетиек ететіндігі бар. Көптеген басшыларымыздың артынан ерген сыбайласжемқорлыққа байланысты жанжалдардың куәсіміз. Ал, Секеңнің артынан бір жамансөз ермеді. Өзі бет жүзіне қарамай басшыларды қатты сынға алып жүрді. Шетелгеқашып барып емес, беттеріне басып тұрып бар шындығын айтатын. Бұл тазалықтан,адалдықтан туған ерлік баршаға үлгі боларлық.Әлі Секең туралы айтар сөзіміз алда...

Бүгінмарқұмның жанбасы жерге тиді. Серікболсын ағамыз мәңгі жүрегімізде дегімкеледі. Жаны жанатта, топырағы торқа болсын!

Жазба автордың фейсбукпарақшасынан алынды.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега