Саясат

Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов сот шешімімен мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.

Фото: из открытых источников

Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, оны босату туралы шешім 2026 жылдың ақпан айында қабылданған. Сот оның мінез-құлқын оң бағалап, төрт марапаты бар екенін және жазасын өтеу кезінде колонияда тігін цехын ашқанын ескерген.

Енді жазаның өтелмеген бөлігі бойынша Абылай Мырзахметов тұрғылықты жерінде пробациялық бақылауда болады.

Еске салайық, 2024 жылдың мамырында сот Абылай Мырзахметовты аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Жаза мерзімін есептеу кезінде оның 2023 жылғы 10 мамырдан бері қамауда отырған уақыты «1 күн – 1,5 күн» қағидаты бойынша саналды. Осылайша, 5 жылдық жазаның 2 жыл 9 айын түзеу мекемесінде өтеп, мерзімінен бұрын босатылды.

Сайт Әкімшілігі