Саясат

Әбішев ісі бойынша сот кейінге шегерілді

Бүгін Ислам Әбішев пен Серік Түкиевтіңісіне қатысты сот отырысында судья Қ.Мекемтасқа адвокаттардың қарсылығын қарауүшін келген судья Айжан Шаяхметоваға да адвокаттар қарсылық білдірді.

Jasalash.kz

— 19 баптың 3 бөліміне сәйкес,сотталушылар мен оның адвокаттары, қорғаушылары судьяға сенімсіздік танытып,басқа судьяны шақыртуға құқылы. Кешелі бері нақты дәлелсіз судья Шаяхметовазаңды өз мүддесіне қарай пайдаланғысы келді. Судья Қажымұқан Мекемтасқақарсылығымызды қараудан бұрын, судья Шаяхметоваға да қарсылық білдіріміз.Мемлекеттік тілді жақсы білетін басқа сот келгенін қалаймыз, — деп, адвокатЕсқараев сот отырысына басқа судьяның келуін талап етті.

Бірақ прокурор С.Сүлейменов бұл өтінішкекеліспейтінін айтып, сот процесін жалғастыруды сұрады. Осы жағдайдан соңадвокат Есқараев Жоғарғы сотқа судья Қ.Мекемтас пен А.Шаяхметованың үстіненарыз жазғанын мәлімдеп, сот отырысын тоқтатуды сұрады. Айыпталушылардыңадвокаттары мен қорғаушылары өтінішті мақұлдаған соң судья сотты 14 қарашағашегерді. 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега