Саясат

«Әблязов пен Храпуновты экстрадициялау бойынша жұмыстар жүріп жатыр»

Қазақстан баспрокуратурасы шетелдік әріптестеріне Виктор ХРАПУНОВ пен Мұхтар ӘБЛЯЗОВТЫҢісіне байланысты кейбір құжаттарды жібермекші.

Jasalash.kz

Бұл туралы бас прокурордыңорынбасары Марат АХМЕТЖАНОВ айтты.

Бүгін мәжілістеҚазақстан мен Украина арасында қылмыскерлерді алмасу туралы заң бекітілді.Соған орай Марат Ахметжанов парламенттің төменгі палатасына келген болатын.

«Храпунов және Әблязов миллиардтаған қаржыны жымқырып,ауыр қылмыс жасаған қылмыстық топ құрды. Қазір олар тұрып жатқан елдің құзырлымекемелерімен жұмыстар жүріп жатқанын білесіздер. Қылмыстық қудалау тоқтағанжоқ», — деді бас прокурордың орынбасары zakon.kzтілшісіне.  

Мұхтар ҚАБЫЛҰЛЫҚазақстанда экономикалық қылмыс бойынша ғана емес, кісі өлтіру бабы бойынша дасотталған болатын.

«Қазақстанға экстрадициялау бойынша жұмыстар жасалыпжатыр. Сондай-ақ, егер қылмыскерді бермесең, өзің сотта деген принцип бар.Әблязов қазір Францияда. Біз тиісті мекемелерге құжаттарды жіберемзі», — дедібас прокурордың орынбасары.

Айтпақшы, ВикторХрапунов та Әблязов сынды сырттай сотталған. Былтыр 2018 жылдың қазан айындаАлматы, ШҚО басқарған Храпунов мемлекеттің мүлкін ұрлады деп айыпталып, 17 жылғабас бостандығынан айрылған.

Фото:inform.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега