Саясат

Абылай Мырзахметов уақытша ұстау изоляторына қамалды

Абылай Мырзахметов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деп хабарлайды Жас Алаш Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Jasalash.kz

«10 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі „Атамекен“ Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма экс-төрағасы Мырзахметовты А.И. ұстап, Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамады», — деді Антикор.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега