Адам Қадыров кезекті медальмен марапатталды
Шешенстан республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Қадыров кезекті медальмен марапатталды.
Бұл жолы оған Ахмат Қадыров атындағы «Север» арнайы моторландырылған полкінің 20 жылдығына арналған естелік медаль берілген.
Марапат әкесінің еңбегін құрметтеу және оның есімін ұлықтау мақсатында табысталғаны айтылды.
Айта кетейік, Адам Қадыровтың мансабы соңғы жылдары қарқынды өсіп келеді. Ол 2025 жылы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалса, 2026 жылдың басында 20 жасында вице-премьер лауазымына кіріскен.
Сондай-ақ мәліметтерге сүйенсек, Рамзан Қадыровтың 96 туысының ішінде 14 баласының жетеуі мемлекеттік қызметте жұмыс істейді немесе атқарған.