Саясат

«Әділет» сайлауда ресми түрде жеңіске жетіп, Құрылтайдан 110 мандат алды

«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауының ресми жеңімпазы деп танылып, 110 депутаттық мандатқа ие болды.

Фото: «Әділет» партиясы

Орталық сайлау комиссиясының дауыс санау қорытындысы бойынша сайлаушылардың дауысы былай бөлінді:

  • «Әділет» – 71,17% (110 депутаттық мандат);

  • «Ауыл» – 6,26% (10 мандат);

  • Respublica – 5,56% (9 мандат);

  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 5,11% (8 мандат);

  • Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 5,21% (8 мандат);

  • Қазақстан халық партиясы (ҚХП) – 3,11%;

  • «Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясы – 1,07%;

  • «Бәріне қарсымын» – 2,51%.

Осылайша, 5 пайыздық межеден бес саяси партия өтті. Қазақстан халық партиясы мен «Байтақ» партиясы қажетті дауыс жинай алмай, Құрылтайға өтпеді.

Айта кетейік, 23 тамызда өткен Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауынан кейін жарияланған экзитпол нәтижелері де «Әділет» партиясының жеңіске жеткенін көрсеткен еді. 24 тамызда жарияланған алдын ала дауыс санау қорытындысында партия сайлаушылардың 71 пайыздан астам дауысын алғаны хабарланған.

Сайт Әкімшілігі