Ағаға базына немесе төл телевидениеміз туралы өзгеше ой
Құрметтіоқырман, «Жас Алаш» газетінің 19 мамыр күнгі санында (№38, 2020 жыл)«Телеарналарда қазақ руханиятының орны ойсырап тұр» деген тақырыппен белгілікинорежиссер Талғат Теменовтың көкейкесті мақаласы жарық көрген еді.
Әлеуметтікжелілерде де қызу талқыға түскен осы мәселеге қатысты Президент әкімшілігібасшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев мырзаның жауабы.
Қазақстанның халық әртісі Т.Теменовке
Құрметті ТалғатДосымғалиұлы! Сізді қазақ киносында өз қолтаңбасы бар режиссер, көрерменніңкөзайымы болған бірқатар дүниелердің авторы, өнерде өзіндік орны бар көрнектітұлға ретінде құрметтейміз. Оған қоса, көп жылдан бері ағалы-інілі болып,пікірі мен ой-мүддесі ортақ жандар ретінде араласып келеміз. Facebook-тежариялаған қазақ руханиятындағы телевидениенің рөлі туралы жазбаңызбен танысыпшықтым. Күнделікті қарбаластан уақытында қол тимей, кеше ғана оқуға мүмкіндіктуды. Содан соң, соңғы төрт жылда ақпарат министрі ретінде де, қазіргі қызметімдеде осы мәселемен тікелей айналысқандықтан, пікіріңізге ой қосып, кей тұстарғатүсініктеме беруді өзіме міндет санадым. Ең алдымен, осылай ортақ іскеалаңдаушылық танытып, өзіңіз байқаған кемшіліктер турасында ойыңызды айтыпжатқаныңызға алғыс айтамын.
Десе де, төл телевидениеміздің 60 жылдан астам тарихындаоның шын түлеп, дамыған тұсы егемендік алғаннан кейінгі кезең екеніне ешкімніңдауы жоқ. Мұны мойындау керек. Өзіңізге мәлім, кеңес уақытында тұтас қазақтілінде хабар тарататын телеарна түгіл, ана тіліміздегі қарапайым бағдарламаныңөзі саусақпен санарлық еді. Ақпарат алудың балама көздері болмаған соң,жұртшылық бар-жоғы екі – оның біреуі Мәскеуден тарайтын телеарнаны көругемәжбүр болатын. Әр қадамды аңдап басатын сол заманда да ұлт болашағынаалаңдаған зиялылар аз емес еді. Дегенмен ел ағалары ақылдаса келе, жалғызтелеарнаның жауапкершілігін Шер-ағаңа (Шерхан Мұртаза – ред.) сеніп тапсырды.Жалғыз ұлы бар ата-ана баласын қалай аяласа, бүкіл зиялы қауым да жалғызтелеарнаны солай үкілеп, мазмұнының мүлтіксіз болуына атсалысты. Оған елдің әртүкпірінен тек кәсіби мамандар таңдап алынды.
Ал қазір, шүкір,мемлекеттік телеарналармен бірге, жекеменшік арналар да көптеп ашылды.Журналистердің де саны артты. Осы қалың ақпарат нөпірінің ішінде кейде қателікболмай тұрмайтыны белгілі. Бірақ осындайкөптің арасынан шын жүйріктер міндетті түрде суырылып шығады. Яғни саннан сапатуады. Бұл заңдылық.
Екінші, өзіңізайтқан рейтинг мәселесіне байланысты қоғамда екіұдай пікір бар екенін білемін.Бірақ қазір көрерменнің қолында пульт бар. Бағдарлама, фильм немесе жаңалықтартымды болмаса, әп-сәтте басқа арнаға ауыстыра салады. Кино ма, сериал ма,спорт па, мультфильм бе – көрермен нені қалайды, соны көреді. Барлығыкөрерменнің талғамы мен қызығушылығына байланысты. Әзіл-сықақ, музыка, тағы дабасқа хабарлардың да өз аудиториясы бар.
Елімізде 2017жылдан бастап цифрлық телевидениеге көшу басталғанын білесіз. Оны 2022 жылғадейін бітіруді жоспарлап отырмыз. Соның нәтижесінде шалғай ауылдардағы ағайын қазіргідей2-3 емес, ең кемінде 15 телеарна көретін болады. Яғни нағыз бәсеке сол кездетуындайды. Басқаша айтқанда, қоғам тынысын дөп басып, көпшілікке ұнағанбағдарламалар жалғаса береді, көшке ілесе алмағаны қалады.
Оған қоса, бұлмәселенің екінші жағы бар. Журналист – қоғамның айнасы. Оның міндеті – өмірдеболып жатқан оқиғаны көрерменге жеткізу. Әрине, кейде әсерлі етем деп, әсірелепжіберетін сәттер болады. Бірақ еш нәрсені ойдан шығармайды. Мысалы, өзіңізтоқталған «Қалаулым» немесе «Әйел бақытында» айтылған зорлық-зомбылық пен небірсорақы жайттар қоғамда бар. Керісінше, осындай бағдарламалардан соң, біразата-ана баласынан «қайда барасың?», «кіммен жүрсің?» деп сұрап, тәрбиесіне жітімән бере бастады. Осыны ескергеніміз жөн.
Әрине, отандықарналар сапалы контент ұсынуы керек. Бұл даусыз. Бірақ контент әртүрлі болуғатиіс. Жұрттың барлығы сіздің тамашалағыңыз келетін дүниені көре бермейді ғой.Бұл талғамның шаруасы. Сондықтан осы әртүрлі контентті өзіміз ұсынбасақ,ақпарат кеңістігін «өзгелер» толтырады. Қазіргідей мәлімет тасқыны кезінде оласа қиын шаруа емес. Айталық, «Тамаша» тартымды болмаса, көрермен ресейлік«Камеди клабты» көреді. Одан кім ұтады? Кім ұтылады?
Үшінші, барлықтелеарнада көркемдік кеңестер бар. Олар эфирден берілетін материалды саралап,сұрыптап отырады. Әсіресе мемлекеттік арналардың көркемдік кеңесінің талабыайрықша қатал. Әрине, жұмыс тәртібінің ерекшелігіне, уақыт тапшылығынабайланысты бейнематериалда қателіктер болып тұрады. Кейде бейнетуынды сапасынақатысты сын айтылып жатады. Бірақ бұл жекелеген жағдайлар. Үнемі қателік кетедідегенді білдірмесе керек.
Өзіңізге мәлім,кино түсіру – жанкешті еңбек пен үлкен қаржыны қажет ететін ұзақ процесс.Тәуелсіздік дәуірінде бұл салаға көп көңіл бөлініп, мол қаражат құйылды.Нәтижесінде едәуір дүниелер жасалды. Соның мысалы ретінде «Орбұлақ шайқасы»,«Дулати», «Кейкі Мерген», «Құстар әні», «Келінжан», «Көршілер», «Қазақ хандығы.Алтын тақ», «Құнанбай», «Абай», «Бекзат», «Қаламгер», «Ән аға», «Бөрі», «Арманжолында», «Абзал жан» сияқты көптеген фильмдер мен сериалдарды айтуға болады.Бұл менің есіме дәл қазір түскені ғана, негізі, одан да басқа жүздегенмедиатуынды жасалды. Үнемі есте болатын тағы бір нәрсе – мұның бәрішығармашылық дүниелер. Сол үшін де біреуге ұнап, екінші адамға ұнамауызаңдылық. Бірақ бір анығы – осының барлығы да өзіміздікі. Отандық туындылар.Кезінде жылына 1-2 фильм шыққанын жетістік санасақ, қазір ондаған фильм менсериал шығып жатқанына таңғалмаймыз. Бұған қуану керек деп санаймын. Осы ретте,мәдениет бағытындағы «Абай» телеарнасын ашуды биылға жоспарлап отырғанымыздыайтқым келеді.
Жазбаңызда айтылған «Сүлеймен Сұлтан» сериалыда тосыннан түсірілген туынды емес. Көп жылдар бойы бәсекенің қазанында қайнап,кәсібиліктің көрігінде қызған дүние. Сол үшін де танымал. Бұйырса, біз де олдеңгейге жетеміз, тіпті асып түсеміз деп сендіргім келеді.
Төртінші, телеарнабасшыларына кіре алмау туралы айтыпсыз. Тәке, мен министр болғанда қабылдауымаүнемі еш кедергісіз, бір телефон қоңырауымен-ақ кіріп жүрдіңіз емес пе? Әрдайымеркін пікірлесіп, мәселелерді ашық талқыламап па едік? Министрі осылайболғанда, арна басшылары сізді қалай қабылдамағанына және маған неге оныуақытында ескертпегеніңізге таңым бар. Сондай кездесудің бірінде мен сізге «Ел арнадан»«Теменов апталығын» жасап, өзіңіз түсірген киноларды көрсетейік» деп ұсынысжасағанда, фильмдеріңіздің авторлық құқығы реттелмегенін айттыңыз. Сол күйі осышаруаны реттеудің орайы келмеді.
Ал жазбадакөрсетілген «Судағы із» телехикаясына, оның сапасы мен сериалдар санына қатыстытелеарнамен араңызда туындаған дау өзіңізге аян. Бұл сериалды «Қазақстан»арнасы төрт рет көрсеткен. Соңғы рет эфирден былтыр қазан айында 65 жасқатолуыңызға орай беріліпті. Бұл жерде мәселе сіздің кәсібилігіңізде емес,сериалдың рейтингіне байланысты болып отыр. Жасыратыны жоқ, рейтинг телеарнамамандарын алаңдатқаны рас. Оның үстіне көрерменді жалықтырмау үшін телеарнабір сериалды қайта-қайта көрсетпейді. Сіз айтқан «Қасым» телехикаясына қатыстымәселе де осыған ұқсас – ол бір ғана ұлттық арнада соңғы алты жылда сегіз реткөрсетіліпті. Сондықтан телеарналарда Жеңіс күніне арнап «Мәншүк туралыдастан», «Мергендер», «Анаға апарар жол», «Бауыржан Момышұлы», «Дала қырандары»сияқты фильмдер мен сериалдар берілді.
Бесінші, жазбаңызда«Шерхан Мұртазадан кейін қазақ телевидениесі бір басшыға жарымай-ақ қойды»дегеніңізді эмоциямен айтылған ой деп қабылдадым. Шын мәнінде Шерхан ағаныңалдында ол кісімен үзеңгілес болған және ізін басқан қаншама білікті басшыларжұмыс істеді. Байқаусызда ұмыт қалдырып, ренжітіп алмайын деген оймен ешкімніңатын атамауды жөн көрдім. Әйтпесе төл арнамыз кәсіби басшылықтың арқасында ғанабүгінгі күйге жеткені анық.
Тағы бір мәселенібаса айтқым келеді. Хатыңызда «Және бір айта кететін мәселе – осы телеарнадағымамандар мәселесін қарасаңыздар екен. Өйткені ондағы операторлардың көпшілігіөздері үйде үйренген «самопал» операторлар, режиссерлардың да жетісіп тұрғаны шамалы» деп баға беріпсіз. Әрине, бұлүлкен жанашырлықпен айтылған пікір. Алайда қазір арналардағы режиссер,оператор, техникалық қызметкерлердің дені кезінде өзіңіз біраз жыл басқарған Т.Жүргеноватындағы Өнер академиясы мен бүгінде өзіңіз білім беріп жүрген елордадағы«Шабыт» университетінің талантты түлектері, яғни сіз тәрбиелеген шәкірттер.Барлығы «ұстазымыз – Талғат Теменов» деп, сізден білім алғанын мақтан тұтады. Оларкәсіби болмаса, күндіз-түні жаңалық беріліп, эфир қазіргідей мүлтіксіз жүріптұрмас еді. Сондықтан олардың шеберлігіне мін тағып, бəріне бірдей күйе жағу әбестікболады.
Алтыншы, ұлттықкод туралы алаңдауыңыз өте орынды. Ұлттық код өз алдына жеке-дара өмірсүрмейтіні белгілі. Ол тілімізде, өнерімізде, салтымыз бен дәстүрімізде.Сонымен бірге өзіңіз секілді ұлттық масштабтағы дүниелер жасап жүрген тұлғалардыңбойында. Сондықтан сол ұлттық кодымызды сақтап, кейінгі ұрпаққа табыстаумақсатында еліміздегі бірегей оқу орындарында ұстаздық етіп, шәкірт тәрбиелепжүргеніңізді өте жоғары бағалаймын.
Сондай-ақ жігерлі әрі талапты жастарды іздесеңіз, сізді«Қазмедиа» орталығына шақырамын. Ол жерден көзінде оты бар, білімді, шынайыотансүйгіш талай қыз-жігіттерді көресіз. Міне, тап солар төл телевидениеміздіңертеңі емес деп кім айта алады? (Айтпақшы, кеше ғана Facebook парақшаңызданқазақ әндері туралы жазбаңызды көрдім. Ол жердегі эмоцияңыздың нөпірі мынажазбадағы эмоцияны он орайтындай екен).
Фольклортанушылармынадай бір қызық дерек келтіреді. Ән – халық жағдайының айнасы. Әнге қарап заманынтануға болады. Мысалы, ақтабан шұбырынды кезінде халық «Елім-айлап» жыласа,кәмпеске, аштық, соғыс сияқты зобалаңның бәрінен өтіп, енді еңсе тіктеген тұстаүміт пен сырға, махаббат пен сезімге толы лирикалық әндерді туғызды. Жерімізгеқауіп төнген сәтте «Менің Қазақстаным» деп, тұтас ұлттың ниеті бір әнге – бірүнге тоғысты. Сол сияқты қазір де мағынасы мен әуезі ерекше әндер жеткілікті.Әсіресе жастар арасында үнінен жаңа леп сезілетін әуездер көп. Кейде дөрекісөздер пайдаланатын шығар. Бірақ жастарға бұлқыну тән ғой. Оған ағалықбілдіріп, ақылымызды айтып, түсіністік танытайық.
Cөз соңында, Тәке, осындай күрделі кезеңде ұлттағдырына алаңдаушылық танытып, өте өзекті мәселе көтергеніңіз үшін сізге тағыда ризашылығымды айтамын. Пікір алмасып, талқылап, келісіммен ғана игі нәтижегежетуге болары анық. Ел игілігі жолындағы еңбегіңіз жемісті болсын!
Құрметпен Дәурен АБАЕВ
P.S. Жазбаңызда ерекше екпін түсіріп, жиырма реттен асақайталанған «идеология» түсінігі таза күйде қазір тек Солтүстік Кореядасақталған. Басқа елдердің өзіне тән идеологиясы бар. Біздің халық та түрліидеологияның куәсі болды. Біреуін ұстанды (коммунизм), екінші біреуіне қарсыкүресті (фашизм). Алайда тарихтан алған тағылым – біздің жалғыз-ақ ұлттықидеологиямыз бар: ол – Отанды сүю, тәуелсіздікті сақтау, қоғамды сапалықтұрғыдан дамыту үшін тынымсыз еңбек ету. Сонда ғана мемлекет өркендейді. Әрине,сынсыз, мінсіз қоғам болмайды. Алайда сын да, мін де шын болуға тиіс.Жазбаңызды оқығанда осы қағиданы баса айтар деп күткен едім. Өкінішке қарай,оны көре алмадым.