Әлеумет

Ахметов: Мамин мырза, Елбасыға алғысымды жеткіз

Премьер-министр Асқар МАМИННІҢ ШҚО-ға сапары барысындаСемейге келуі қала тұрғындарынан бұрын облыс басшылығын қуантты.

Jasalash.kz

Қалаға келген ұлықтар бірден баратын"Қарағайлы" ықшамауданындағы салынып жатқан тұрғын үй нысандарын,«Абай-арена»спорт кешенін тамашалаған үкімет басшысы Семейдің ірі кәсіпорыны-«СемАЗ» зауытында болып, машина құрастыру барысымен танысқан. ҚазИГЗУғимаратындағы қала активіне сонда айтылған жайларды қысқаша баяндаған облысәкімі Даниал АХМЕТОВ Асқар ҰЗАҚБАЙҰЛЫМЕН кездесуде ерекше көңілді отырды.

Премьер-министралдында қала дамуына қатысты баяндама жасаған Семей әкімі Ермак СӘЛІМОВ сөзінің басын көзалдау қазақшаменбастап, бұған дейінгі жиында Ахметовтің тыңдалымынан өткен орыс тіліндегібаяндамасын екпіндете оқып берді. Оған Мәмин мән бермеген соң, Ахметов теелеусіз қалдырып Семейдің дамуына экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ ерекше қамқорлықпен қарайтынын атапөтті. Сондай-ақ президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ бастамасымен Семей қаласын 2020-2025жылдар аралығында дамытуға кешенді бағдарлама дайындалғанынан хабардар етті.

Жиынбарысында сөз кезегі тиген шенеуніктердің бәрі де (А.Мәминмен ере келгенвице-министрлер де) «елбасының қамқорлығындағы Семей» деген әдемі сөзтіркесін қайталаумен болды.

Ал басқосудықорытындылаған Даниал Ахметов Семейді бес жыл ішінде өркендету үшін үкіметтенқомақты сома бөлініп отырғанын қуана баяндады.

«Семейдегі бүгінгі кездесуде Асқар Ұзақбайұлы қаланы дамытуға 260 млрд.теңге бөлінетінін айтты. Бұл- үлкен қаражат. Бәлкім, бес жылдағы даму барысында300 миллиардқа да барып қалуы мүмкін. Мұндай қамқорлықты өз басым бірінші реткөріп отырмын. Қала халқының атынан елбасымызға үлкен ризашылығымыздыжеткізіңіз»,-деді Ахметов қуаныштан жүзі бал-бұл жанып.

Семейдідамытуға бұған дейін де талай миллиардтар бөлінгені жергілікті жұрт жақсыбіледі. Қала дамуын Қарағайлыға қарап бағалайтын Үкімет ендігі 260 млрд теңгеніөзге де толып жатқан мәселенің қайсынан бастайтынын уақыт көрсетеді.

Фотоларды авторұсынды.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега