Саясат

Ахметовтің әкімдіктегі орынбасарын партиядағы орынбасары «құлата ала» ма?

Шығыс қазақстан облысының әкімі Даниал АХМЕТОВ осыаптаның соңғы жұмыс күні Нұр-Сұлтанқаласындағы ақпарат орталығында Шығыс өңірдің дамуы, әлеуметтік мәселелеріқалай шешіліп, қандай жетістіктерге қол жеткізгендігі жөнінде кеңінен баяндады.

Jasalash.kz

Алайда, Даниал КЕНЖЕТАЙҰЛЫНЫҢ бұл сапары, БАҚ өкілдеріне облыстың өзі басқарғануақыт аралығындағы табыстары ешкімге қызық болмасы түсінікті. Есесіне, күнікеше ғана өңір басшысы «Нұр Отан» партиясының ШҚО филиалы басшысының біріншіорынбасары қызметін атқарып келген, талай әкімдіктің қызметтің қызығын көргенӘнуарбек МҰХТАРХАНОВТЫ босатып, орынына қатардағы орынбасар Олег ЧУГУНКОВТЫтағайындағаны қызық болды.

Әрине, билік партиясындағы тағайындаулардың,ауыс-түйістердің бұқара халыққа келіп-кетері, тигізер пайдасы шамалы. Бірақ таәңгіме бірінші орынбасарды босатып, орынына жай орынбасарды жоғарылатқанынанемес, Ахметовтің басқа орынбасарынан шығып отыр. Яғни, осыдан тура бір жетібұрын, 14 қарашадағы «Нұр отан» партиясы бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласындаөткен кеңейтілген отырысында ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан БАЙАХМЕТОВТІ Аягөзауданының әкімі қызметін атқарған тұста «Ауыз су» бағдарламасы бойынша бөлінгенқаражатты нақты мақсатқа сай игермегені үшін қатаң түрде жауапқа тарту қажеттігі айтылған болатын.

 Б. Байахметовтіңауданды басқарған тұста Аягөз қаласының тұрғындары да, маңындағы ауылдар датаза ауыз суға қол жеткізуден күдер үзе бастағанын «Жасалаш»сайты мен газетінде де сан мәрте баяндаған болатынбыз.

Жалпы, «Жасалаш»оқырмандарына Д. Ахметовтің орынбасары Б, Байахметовтің тәптіштейтүсіндіру аса қажет  те емес.

Міне, «Жасалаш»тілшісі сан мәрте көтерген осы жайлар әсер еткендігін көрсетсе керек,«Нұр Отанның» бақылау кеңесінде 2017-2018 жылы Аягөз ауданында ауыз суменқамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 2,5 млрд теңге қаражатбөлінгенімен, оның игілігін жергілікті әкімдікпен «жең ұшынан» жалғасып біргекөрген мердігер компаниялардың бірқатары аяқтамай кетуі салдарынан халықтың әлікүнге орталықтандырылған судан тарығып отырғаны айтылды. Жай ғана айтылып қоясалған жоқ, партияның бақылау кеңесінде ауданды он жыл басқарғанда осы шенеуніктіңсуға бөлінген қаржының қалайша құмға сіңген судай етіп жібергені үшін жауапберуі тиістігі айтылды.

«Нұротандық»бақылаушылардың байбалам салар жөні бар, әрине. Бірақ, ШҚО әкімі Даниал Ахметовкеөзінің орынбасары Бақытжан Байахметовтің бюджет қаражатын талан-таражғатүсріген басшы ретінде аты аталып, партия атына кір келтіргені шыбын шаққанғұрлы әсер етпеген сыңайлы.

Қашан да көзініңқиығымен қарап, миығынан күліп отыра беретін Д. Ахметов бұл жолы да соләдетінен жаңылған жоқ. «Нұр Отанның» бақылау комтитеті өткізген басқосудыңыстық-суығы басылмай жатып, партияның ШҚО филиалының бірінші орынбасарынжаңартты да жіберді. Қызық болғанда партия филиалын бұған дейін басқарғанӘнуарбек Мұхтарханов та бір кездері Аягөз ауданының әкімі болған. Осы уақытқадейін «кәрі тарлан» Мұхтархановтың тісі батпаған Байахметовке «жас пері»Чугунковтың тәуекелі жете қояр ма екен?..

Фотоны автор ұсынды.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега