Саясат

Ахметовтің жанына Байахметов жайғасты

Шығыс өңірде біраздан бері айтылып жатқан ауданәкімдерінің тағайындалуына қатысты әңгіменің нүктесі қойылды.

Jasalash.kz

Облыс басшысыДаниал АХМЕТОВ бірнеше аудан әкімдерін жаңартты. Бірақ, соның ішінде Аякөзауданын  5 жылдай басқарған Бақытжан БАЙАХМЕТОВТІҢоблыс әкімінің орынбасары қызметіне жоғарылап кеткені тағайындаулардың «төресі»болып шықты.

Жалпы, Шығыс өңірді аралауға шықса, алдынан шыққанбасшылардың көбісіне саусағын безеп, ескерту жасап, ақыл айтып кететін ДаниалАхметовтің осы Бақытжан Байахметовті көрсе «майдай еріп» сала беретіні бар.Неге екені өзіне мәлім, ал, жұртқа жұмбақ. Шындығына келгенде Байахметов өзітуып-өскен Аякөзді басқарған жылдарда іскерлігімен мойындалғанын қайдам, бірақ,жерлестерінің ойынан шыға алмағаны ақиқат. Өткен жылдың көктеміндегі су тасқыныкезінде қала халқының қалай зардап шеккенін ешкім ұмыта қойған жоқ. Әйтеуір«көп түкірсе көл» дегендей, жан-жақтан ағылған көмек пен бюджеттен бөлінгенқаражаттың пәрменімен, баспанасыз қалғандардың мәселесі әупірімдеп шешілгендейболды. Соның өзінде екі отбасының жаңа үйге қол жеткізу жайы әлі күнге дейінсозылып келеді. Тағы бір таңқаларлығы апат кезінде ашылған «Аякөз- болашақ»қорына аударылған миллиондаған қаржылардың қалай жұмсалып, қалай кәдегежаратылғаны туралы аудан шенеуніктері ел алдында есеп берген жоқ. Байахметовсол кездің өзінде-ақ нақты шешім қабылдауға, жұртты жұбатып шығуға қырсыз әкімретінде ел көзіне түсті.

Жә, оның бәрін созғылап, айтпасақ та, биылғы қыстаМомышұлы, Ақтамберді көшелерінің тұрғындары орталық қазандықтан келетін жылуданқағылып, қалтырап қалғанын еске алсақ та жеткілікті. Аталған көше тұрғындарыдабыл қағып, «Жас алаш» тілшісіне хабарласқан соң арнайы барып репортаж жасапқайтуымызға тура келген. Артынша аякөздік ұстаз Индира МҰХАМАДИЕВА қыстың көзіқырауда дірдек қағып, жергілікті шенеуніктерге деген наразылығын жеткізіпвидеоүндеу жариялап, бүкіл облысты тік тұрғызды. Ақырында жекеменшікке сатылыпкеткен, 10 жылдан бері жөндеу жүргізілмеген қазандық Ахметовтің араласуымен мемлекетқұзырына қайтарылды. Қазандықты жөндеуге 200 млн теңге қаражат бөлініп, мәселеәрең шешімін тапқанымен, биылғы қыстан аякөздіктер «шықпа, жаным, шықпалап»шықты. Ол кезде Байахметов тіпті, қалаға әкім тағайындап та үлгермеген болатын.Тоғыз жолдың торабындағы қаланың ішкі тазалығы қандай екенін тау болып үйілгенқоқыстардан да көргенбіз.

Аякөздік шенеуніктердің халықтың әлеуметтік мәселесіншешуге немкетті қарайтынын осы топырақтың тумасы, Парламент Мәжілісініңдепутаты Нұртай САБИЛЬЯНОВ та талай байқаған. Облыстың бірқатар аудандарындаөңірлік даму бағдарламасы дұрыс қалыпта жүзеге асып жатқанда, Аякөздің бұлтұрғыдағы көрсеткіші депутаттың үнемі көңілінен шықпай қайтатынын жасырудыңқажеті жоқ. Үстіміздегі жылдың ақпан айының басында Жарма, Тарбағатай, Үржар аудандарындаболып, мемлекеттік бағдарламалардың  орындалубарысындағы оң өзгерістерге куә болып келе жатқан Сабильяновтың туған ауданынакелгенде нілдей бұзылуына тура келді.

-Бюджеттенқаншама қомақты қаражат бөлініп жатса да Аякөзде әлеуметтік мәселелер әлі күнгедұрыс шешімін табатын емес. Басшылар көптеген кемшіліктерге жол беріп отыр.Ауданда өңірлік даму бағдарламасы кенжелеп қалған. Соңғы 27 жыл ішінде ауданорталығында бір де бір көп қабатты үй салынған жоқ. Аудан орталығында кәрізжүйесін тартуға екі жыл бұрын 700 млн. теңге, инфрақұрылымға 500 млн.теңгеқаражат бөлінді. Нәтижесін жұрт көрген жоқ. «Нұрлы жер» бағдарламасыныңорындалу жайы да мәз емес. Аудан орталығының тазалығымен айналысатынмекемелердің қайда қарап жүретіні белгісіз. Оны талап етіп жатқан тағы ешбірбасшы жоқ. Елмен етене араласуды жайына қалдырудың түбі жақсы болмайды,-дегенболатын Н. Сабильянов аякөздік сайлаушыларымен өткізген жиында.

Міне, осындай «хикаялары» бірінен бірі өтетін ауданға біремес, бес жыл әкім болған Бақытжан Байахметов облыс әкімі Даниал Ахметовтіңорынбасары болып шыға келді. «Сынаған сайын өседі» дегендей, Байахметовтің «Жасалашта» талай сыналғаны, қалай сыналғаны жұрттың көз алдында. Сынауымыз майдайжаққаны сол, аудан әкімі облысқа аттанар алдында «Аякөз ауданының құрметтіазаматы» атанып аттанғанына не дерсіз?!

Кім біледі, «Күлшелі бала сүйкімді» дегендей, бәлкім, олөңір басшысына басқа қырынан «ұнап тұрған» шығар. Бәлкім өзі «жай» Ахметовболып жүрген соң, жанына Байахметовті шақырғанды жөн санап, фамилиясына қызығуыда ғажап емес…

Айтпақшы, жаңа «замәкім» осы уақытқа дейін осы қызметтіатқарған Серік Ақтановтың орынына тағайындалып отыр. Ал, шындығында АқтановАякөзді өткен көктемде су басып жатқанда, биылғы қыста қазандық «қақырап» қалғандаӨскеменнен қайта-қайта шапқылап арамтер болған. Нәтижесі міне: орынынБайахметовке босатып беріп, өзі Зайсан ауданының әкімі болып кете барды. АлБайахметовтен «босаған» Аякөз ауданының әкімі қызметіне Тарбағатай ауданынбасқарған Ділдәбек ОРАЗБАЕВ отырды. Ал Тарбағатай ауданының әкімі қызметінеҮржар ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Серікқазы САДУАҚАСОВтағайындалды.

Фотоғаламтордан алынды.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега