Саясат

Аида Балаева вице-премьер болып тағайындалды

Президенттің жарлығымен Аида Балаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне бекітілді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Балаеваның кандидатурасы Мәжіліс депутаттарының қолдауына ие болды.

2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.

1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.

2002-2004 жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы.

2004 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы.

2004-2005 жылдары – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары.

2005-2006 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.

2006-2008 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры.

2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.

2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.

2020-2022 жылдары (қаңтар) - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

2022-2023 жылдары (қыркүйек) - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2023 жылғы 2 қыркүйектен бастап - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.

"Құрмет" орденімен (2010) марапатталған.

Әлеуметтік ғылымдар кандидаты.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Аида Балаева