Қоғам

Air Astana-ның бұрынғы басшысы Питер Фостер айына орта есеппен 57 млн теңге алған

Өткен жылы Air Astana әуе компаниясы басқарма мүшелеріне жалпы 691,4 млн теңге төлеген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 31,6%-ға көп. Сол кезеңде компанияның басқарма құрамында небәрі бір адам - Air Astana-ның бұрынғы бас директоры Питер Фостер болған.

Питер Фостер. Фото: forbes.kz, Жас Алаш коллаж

691,4 млн теңгені 12 айға бөлсек, оның ай сайынғы орташа табысы шамамен 57,6 млн теңгені құрайды. Осылайша, есеп бойынша Фостердің бір айдағы орташа сыйақысы Қазақстандағы көптеген азаматтардың жылдық табысынан да бірнеше есе жоғары болған.

Айта кетейік, бұл сома нақты айлық жалақы ғана емес, басқарма мүшесіне төленген жалпы сыйақы көлемін қамтуы мүмкін.

Сондықтан 57,6 млн теңгені оның таза айлығы ретінде қабылдауға болмайды.

Сайт Әкімшілігі