Қоғам

Air Astana-ның бұрынғы басшысы Питер Фостер Тимур Турловтың компаниясының директорлар кеңесінен кетті

Air Astana-ның бұрынғы бас атқарушы директоры Питер Фостер жүк тасымалымен айналысатын Alatau Air Cargo компаниясының тәуелсіз директоры қызметін мерзімінен бұрын тоқтатты. Бұл ақпарат компанияның корпоративтік құжаттарында жарияланған.

Питер Фостер. Фото: forbes.kz

Фостермен бірге Alatau Air Cargo басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов та қызметінен кеткен. Компания кадрлық өзгерістердің себептерін жарияламады.

Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі болып мексикалық жүк әуе компаниясы MasAir басшысы Роберт Ван де Вег тағайындалды. Ол бұған дейін KLM Cargo, Atlas Air, Cargolux және AirBridgeCargo Airlines компанияларында басшылық қызметтер атқарған. 

Alatau Air Cargo 2023 жылы құрылған және жүк әуе тасымалына маманданған. Компания акционерлерінің бірі – Freedom Holding басшысы Тимур Турлов.

Сайт Әкімшілігі