Саясат

Айсұлтан Назарбаев: Менің өміріме анам қауіп төндіріп тұр

Бұрынғы президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ жиеніАйсұлтан НАЗАРБАЕВ бүгін Фейсбук желісінде екіұшты мағынадағы бірнешепост жариялады.

Jasalash.kz

Ол өзінің өміріне қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді.

Төменде экс-президент жиенінің бүгінгі бірнеше жазбасының аудармасын келтіреміз.

«Кешірім сұраймын, бірақ, мен 2019 жылдың 8маусымынан Фейсбук қолдана алмадым. Себебі, оны анам мен Әлнұр Мұсаевпайдаланып жүрді. Мен түрмеде болдым және туыстарыммен көп қиындықтар туындады.Менің атам сіздерге бәрін айтып бере алады деп ойлаймын.»

«Менімен сөйлескілері келетін журналистерболса Priory Hospital Hayes Grove деген жердемін. Менің телефоным+447707787788.»

«Барлық адамдарды олар қолданатын магияданқорықпай, неге біздің құдайдан сонша алыс елде тұратынымыз жайлы ойлануғашақырамын. Олар маған жасаған жамандыққа қарамастан аман қалсам, Құдай, оныңұлы Иисус және киелі рух сіздерді де құтқарады.»

«Жақында олар мені өлтіруге тырысады немесежынды деп дәлелдеуге тырысады, болмаса әкем сияқты камерада асып қояды. Меніңкүшім Аллахпен, оның ұлы Иисуспен және киелі рухпен.»

Өткен жылы Лондон қаласында есірткіпайдаланған күйінде өзіне-өзі қол салмақ болған Айсұлтан Назарбаев, кедергіжасаған полиция қызметкеріне шабуылдады деп айыпталған болатын. Сот шешімібойынша «18 ай сынақта болып, 140 сағат қоғамдық жұмысқа жегіледі жәнеесірткіге тәуелділіктен емделуге мәжбүрленіп, бір мың фунт айыппұл (1300доллар) бес мың фунт шығынды төлеуі тиіс», — делінген экс-президент жиенінің Фейсбек жазбаларында.

Жазбадакөрсетілген нөмірге хабарласып көріп едік, өзін «Айсұлтанмын» деп таныстырған ерадам өміріне қауіп төндіріп тұрған адам туған анасы Дариға НАЗАРБАЕВА екенінайтты.

«Маған туған анамнан қауіп төніп тұр. Онытүсіндіру үшін және анамның көп жылдар бойы немен айналысатынын айтып беру үшінөте көп уақыт керек», — деді ол.Сол кезде байланыс үзіліп, біздің келесі қоңырауларымызға ол жауап бергенжоқ.

Коллаж: Жас Алаш.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега