Саясат

Айсұлтан Назарбаевпен айтысқан Қожағапанов әкім орынбасары болды

Ерлан ҚОЖАҒАПАНОВ Алматы қаласы әкімінің біріншіорынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы «Жас АЛАШ» Алматы қаласы әкімдігінің ресмисайтынасілтеме жасап хабарлайды.

Jasalash.kz

Саясатқа бизнестен келген ЕрланТОҚТАРХАНҰЛЫНЫҢ әкімшілік қызметте тәжірбиесі бар. 2007-2013 жылдар аралығында Астана қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет етті. 2013 – 2016 жылдары ҚРспорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы және ФутболФедерациясының президенті міндетін де атқарған. Сол кезде Ерлан Қожағапановэкс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ жиені Айсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ сынына жиіұшырайтын.

facebook.comәлеуметтікжелісінде ҚФФ президенті мен «Астана» президенттік кәсіби спортклубының бас директоры лауазымдарын қатар алып жүрген Қожағапановты «мүдделерқайшылығына» айыптаған еді. Тіпті қазақ футболын қалай дамытуға болатынын даұсынған.

«Достар, сіздермен кереметжаңалығымды бөліскім келеді. Біраз уақыт бұрын Қазақстан футболын дамытуғабағытталған жұмыстарды бастаған едік, міне бүгін соныңнегізгі бөлігінаяқтап отырмыз. Жуырда мен өз бастамамды сіздерге таныстыратын боламын: қайдаәрі қалай қимылдау қажет, дамуымызға кім және не кедергі, оған ақшаны қайдан алукерек, осы сауалдарға жауап таптық. Жасалған жұмысқа жеке өзімнің көңілім толдыжәне ол концепцияны еш қысылмай ұсына аламын», – деп Айсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ жазғаныФБ оқырмандарының есінде.

Ерлан Қожағапанов өз кезегінде сенат төрайымы ДариғаНАЗАРБАЕВАНЫҢ ұлымен футболдың жағдайын талқылауға дайын екендігін айтқан-ды.

2016 жылы Футбол федерациясының басшылығынаСейділдә БАЙШАҚОВ келгенде Айсұлтан РАХАТҰЛЫ федеарцияның вице-президенті болыптағайындалған еді. Осылайша, қазақ футболы мен Ерлан Қожағапановты сынағанНұрсұлтан ӘБІШҰЛЫНЫҢ жиені ақыры басшылыққа келген болатын.

Коллаж: Жас АЛАШ

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега