Саясат

Айсұлтанның жаңа мәлімдемесі

Айсұлтан Рахат (Назарбаев) Facebook-тағыпарақшасында жаңа мәлімдеме жасап, бүгінгі билікті күшпен ығыстырып тастауға шақырды.

Jasalash.kz

«Егер халық ел ішінде билікке қарсыбіріксе, онда бұл билікті төңкеріп тастауға күшіміз жетеді!» дейді Айсұлтан. «Бізмемлекет құлағын ұстап отырғандарға олардың Құдай емес екенін көрсетеміз! Оларбізді қуғынға салып, өлтіруі де, еркіндігімізден айырып, тіршіліктің түрліқиындығына түсіруі де мүмкін. Бірақ, маған сеніңіздер, Құдай бізбен бірге, бізжеңеміз!» деген Назарбаевтың ұл-немересі өзінің Ұлыбритания корольдігінен саясибаспана сұрағанын мәлімдеді. «Мен Ұлыбританиядан саяси баспана сұрап отырмын. Өмірімніңсоңғы бес жылы сұр жолақтан көрінбейді. Ел-жұрт шын мәнісінде не болғанын жәненеге олай болғанын білуі керек! Мәселе менің Ресей және Қазақстан үкіметтеріарасындағы биік масштабтағы коррупция туралы ақпаратты білетінімде. Мен Қазақстанхалқынан ұрлалған миллиардтаған дорлларлар туралы айтып отрымын» деп, өзішыққан шаңырақ пен биліктің басқа тармақтарына қатысты үлкен бір мәселенің шетіншығарды.

«Мен өз шаңырағымның, шешем (ДариғаНазарбаева) мен оның күйеуінің (Қайрат Шәріпбаев),  сараң да тойымсыз пиғылының тұтқынында қалдым»дей келе, ол екеуінің өзінің қайын атасы Қайрат Боранбаевқа қарсы  істеген әрекеттері туралы жазады. Сөйтеді де, мұндағыбар кілтипанның, қазақ газының тиынға сатылып жатқанына себепкер,  ресейлік «Газпроммен» екіарадағы келісім-шарттаекенін айтады. Екі ортада,  есеп-шотында  жылына 1,5 миллиард доллраға  жуық пайда қордаланып қалатын,  аралық компания бар көрінеді. Ақша Сингапурдегішотқа аударылып, кейін Ресейлік биік шенділернің арасында бөліске түседі екен. Қазақстанғақалатын 700 млн доллар шамасындағы ақшаны Тимур Құлыбаев пен Қайрат Боранбаевбөліп алатын көрінеді. Міне, Дариға мен оның күйеуі осы келісім-шартқа көзсағлан екен. Айсұлтан қайныатасын қорғап шығып, басына бәле тілеп алғанкөрінеді.

«Мен ұзақ уақыт бойы шешемді түсінбей жүрдім.Аналық мейірімі қайда кеткен? Жүрегінің астында 9 ай бойы көтерген туған ұлыннеге бұлайша тұқыртады?  Қайдағы бір ақшаүшін...» деп налыған Айсұлтан кезінде өзі сынаған чиновниктердің аяғынан жиішалғанын да ұмытпапты. «2015-ші жылдың күзінде мені, Ұлыбританияға сапарменкелген Нұрсұлтан Назарбаев өзінің пәтеріне шақыртты. Бірден байқағаным – маған әбденқарсы ғып қойған екен. Екеуіміздің арамыздағы әңгіме айқай-шу мен боқтауданғана тұрды, тіпті, ПКҚ(президенттің күзет қызметі) қызметкерлерінің шашы тіктұрған болар. Оған отбасы мен маңындағыларға не істеймін десе де еркіндік беріпқойғаны, бірінің бизнесін екіншісі тартып алуға мүмкіндік беріп қойғаны өзіқұрған жүйені де, басқасын да құртып тынады дегенді жеткізе алдым. Сараңдық пентойымсыздық бәріңнің түбіңе жетеді дедім!». Келесі күні қайын атасын атасымен(әкесімен)кездестіргенін, мән-жайды түсінген елбасы қызын вице-премьерліктен сенатқа,Қайрат Шәріпбаевты ҚазТрансГаздың төрағалығынан бақылаушы кеңесіне ауыстырыпжібергенін айтады.  Міне, шешесіне жақпайқалғаны да осыдан екен! Жаны осылай күйзелген кезде жалғыз жұбанышы есірткі болыпты.Одан кейінгі әңгімесін шешесі мен өгей әкесінің өзін қалайша қуғынға ұшыратқаны, 14 ай бойыРесей түрмесінде жатқаны, 12 ай өткенде шешесінің келіп, басын игізе алмайкеткені, Әлнұр Мұсаевтың арқасында ол түрмеден босап шыққаны туралы тарқатады.

«Кейінірек Рахат Әлиевтің, ол өзініңкітабында жазбаған мәліметтері бар, архиві маған мұраға қалды. Сол жерден менөзімнің кімнен туғанымды білдім! Шешем болса, мені жер-көктен іздей бастады!Олар, мына жағдайдан жаным құлазып, есірткіге елітіп отырған мені Лондоннантапты. Күзетшілерін жіберіп, еркіме қарсы, мені Қазақстанға алып кетіп,кейінірек, тағы да Ресейдің бір түпкірінде тығып қоймақшы болатын!»

«Қалғанын және басқа көптеген мәселені Times-қаберген сұхбатымнан оқи аласыздар. Әрине, оған дейін тірі болсам!» дейді АйсұлтанНазарбаев.

Айсұлтанның бұл жазғандарын оқи отырып, өзіжазды ма, әлде біреу көмек көрсетті ме екен деген ойдың да келгені рас. Посттолығымен Дариға Назарбаеваға қарсы бағытталған. Кім жазса да, билік биігіндегікөп құпиядан хабары бар екені анық. Айсұлтан келтірген «ГазПром» АҚ мен арадағыкелісім-шарт туралы мәліметке қатысты лауазымды шенділер қандай жауап қайтарарекен? Ондай келісім-шарттың бары рас па? Ол туралы Тимур Құлыбаевтың жауабыболады ма?

ФОТО ашық ақпарат көздерінен

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега