Әкесі шенеунік болған шенеуніктер
Өткен жолы ақын-жазушылардың отбасынан шыққаншенеуніктермен әкесі де, өзі де әкім болғандардыңбір парасын назарларыңызға ұсынған едік.
Енді әке жолын қуып, мемлекеттік іскеараласқан, яғни өздері де, әкелері де шенеунік болған кісілердің тізімін жасапкөрдік.
Оқиотырыңыздар: Биліктегіақын-жазушылардың балалары
Бұл тізімді ПрезидентӘкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаевбастайды. Әкесі Елеу КөшербаевҚазалы, Сырдария партия комитеттерінің 2-хатшысы, Тереңөзек, Сырдария ауданының атқарукомитеттерінің төрағасы, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасарыболған. Қармақшы,Қазалы аудандық партиякомитеттерінің 1-хатшысы қызметін атқарған. Үш мәрте Еңбек Қызыл Ту орденініңиегері, өз өмір жолын жазған екі кітаптың авторы.
Қазақстан ұлттық экономикалық«Атамекен Одағы» палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев – Кеңес үкіметі кезінде де, тәуелсіздіктің алғашқыжыларында да ел билігіне белсене араласқан, Дінмұхамед Қонаевтың сенімді серіктерінің бірі болған Асқар Құлыбаевтың ұлы. Асқар Құлыбаевәр жылдары Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы, Гурьев облысы партиякомитетінің 1-хатшысы, Республика мемлекеттік құрылыс комитеті төрағасыныңбірінші орынбасары, төрағасы, Тұрғын үй және құрылыс министрі қызметтерінатқарған.
Сонымен қатар, Тимур Құлыбаевэкс-президент Н. Назарбаевтың күйеубаласы.
Оқи отырыңыздар: Әкімнен әкім туады
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев – Социалистік Еңбек Ері, КСРО жоғары кеңесініңдепутаты болғанӘбдір Сағынтаевтың ұлы.ҚазССР-дің еңбек сіңірген мал шаруашылығышебері, 100қойдан 1967 жылы 147, 1982 жылы 126 қозы алыпты. Шопандықтан депутаттыққаеңбегімен жеткен адам екен.
Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев белгілі мемлекетқайраткері болған, Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары,Премьер-министрдің орынбасары қызметтерінатқарған Қаратай Тұрысовтың күйеубаласы.
Вице-премьер ЖеңісҚасымбек– ұзақ жылдар экс-президент Н. Назарбаевтың кеңсесін басқарған Махмұд Қасымбековтіңұлы. МахмұдБазарқұлұлы ұзақ жылдар Президент әкімшілігінде бөлім меңгерушісі болып қызметатқарған. Соңғы он бес жылда Президент кеңсесін басқарды. Қазір ТұңғышПрезидент – Елбасы кеңсесінің басшысы.
Сонымен қатар, Махмұд Қасымбектың тағы бір ұлы Ардақ Қасымбек«ҚазМұнайГаз»компаниясында қаржылық директоры болып қызмет атқарған. Қазір «Казына КапиталМенеджмент» АҚ Басқарма басшысы.
НұрәліӘлиевҚазақстандағы еңірі бизнесмендердің бірі болып саналады. Бір кездері Астана қаласы әкімініңорынбасары да болды. «Транстелеком» АҚ-тың 49 пайызы Нұрәліге тиесілі деген ақпарат 2016 жылы шыққан. Әкесі –марқұм ҰҚК басқарған Рахат Әлиев. Анасы – ПарламентСенатының спикері – Дариға Назарбаева.Нағашы Атасы – Н. Назарбаев.
Сонымен қатар, Нұрәлі Әлиев – ОСК төрағасы Берік Имашевтыңкүйеу баласы.
Қорғаныс министрінің орынбасары Мүслім Алтынбаев– Осы министрлікті екі рет басқарған, армиягенералы Мұхтар Алтынбаевтыңұлы.Мұхтар Алтынбаев «Халық Қаһарманы», өмірінің бәрін әскери қызметке арнаған.
Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова– Сенаттың экс-депутаты, бизнесмен Ерлан Нығматуллинніңқызы. Мәжілісспикері Нұрлан Нығматуллинніңнемереқарындасы.
Қазақстанның Италиядағы, Мальтадағы, Сан-МаринодағыТөтенше және Өкілетті елшісі СергейНұртаев– Нұртай Әбіқаевтыңұлы.Нұртай Әбіқаев жоғары билікте біршама қызмет атқарған. Шетелдерде елші,Президент Әкімшілігінің басшысы, Сыртқы істер министрінің орынбасары, ҰлттықҚауіпсіздік Комитетінің басшысы қызметтерін атқарған. Кейін Сенат депутатыболды. Қазір «Отандастар» қорының басшысы.
Қазақстанның Чехия, Словакия Республикаларындағы Төтеншежәне Өкілетті Елшісі Сержан Әбдікәрімов– Сенаттың экс-депутаты ОралбайӘбдікәрімовтың ұлы. Оралбай Әбдікәрімов Президент Әкімшілігі басшысыныңорынбасары, Басшысы, Мемлекеттік хатшы қызметтерін атқарған.
НариманБекназаров– Астанадағыауданаралық мамандандырылған Соттың төрағасы. Парламет Сенатының депутаты,спикер орынбасары Бектас Бекназаровтың ұлы.
«КазМунайГаз-Аэро» компаниясының бас директоры Нұржан Нұрланов– Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллинныңұлы. НұржанНұрланұлы «Бәйтерек» Ұлттық Холдингін де басқарған. Премьер-министрканцеляриясында қызмет атқарған. Әкесі Нұрлан Нығматуллин де жоғары билік теәртүрлі қызметтерді ұзақ атқарып келеді.
Қостанай облысының прокуроры Тимур Сүлейменов– ҚайырбекСүлейменовтың ұлы. Қайырбек Сүлейменов екі мәрте ішкі істер министрлігінбасқарған. Президент көмекшісі болған.
Фото:tengrinews.kz