Қоғам

"Әкесінен қалған мұра емес": Берік Уәли зейнетақыға шығып, жұмыс істейтіндерді сынады

Абай облысының әкімі Берік Уәли зейнет жасына жеткен басшыларды қызметтен босатқанын мақтанышпен жеткізді.

Фото: Pixabay

Ақсуат ауданы тұрғындарымен кездесуде өңір басшысы әкімдікке келгелі бірнеше колледж директорын жұмыстан шығарғанын айтты. Сондай-ақ ол білім басқармасының басшысынан қанша адамның қызметінен кеткенін көпшілік алдында нақтылауды сұрады.

Берік Уәли зейнет жасына жеткен басшыларды қызметтен босату туралы шешімін жастарға мүмкіндік беру қажеттігімен байланыстырды. Оның пікірінше, басшылық қызметтерге жаңа буын өкілдерін тарту маңызды.

Өңір басшысы бұл қадамды кадр саясаты аясындағы өзгеріс ретінде көрсетіп, жастарға жол ашуды басты себептердің бірі ретінде атады.

Сайт Әкімшілігі