Саясат

Әкім креслосын сатып алмақ болған шенеунік қызметінен кетті

Әкім креслосын 50мың долларға сатып алмақ болған шенеунік қызметінен кетті. Бұл жөнінде Today.kzбасылымы хабарлады.

Jasalash.kz

Жамбыл облысы Меркіауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Сүлейменов «әкім лауазымын 50 мың долларғасатып аламан» деген сөзі үшін қызметінен босатылды. Ол жергіліктікәсіпкерлердің бірімен телефон арқылы сөйлесу барысында әкім лауазымын сатыпалуға 200 мың доллар сұрап жатқандығын, бірақ ол орынды 50 мың долларға алғысыкелгендігін айтқан. Құзырлы органдар шенеуніктің бұл сөздеріне басқа жемқорлықісін қарау барысында назар аударған.

МейіржанСүлейменовтың өзі бұның барлығы досына айтқан қалжың екендігін алға тартқан.Бірақ оның сөздеріне ешкім сенбеген.

«Этика кеңесі шенеунікті қызметінен төмендетуді ұсынды.Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың тапсырмасы бойынша, жемқорлыққа қатысты заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Мейіржан Сүлейменов қызметінен босатылды», — делінген облыстық әкімдік баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Фото: Әлеуметтік желіден.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега