Саясат

Әкімдер мүлік салығын төлеуді ұмытып кетіпті

Әлеуметтік желіде жер мен мүлікке «салық төлеуді ұмытып кеткен» әкімдердің тізімі пайда болды.

Jasalash.kz

Қаржы министрлігі жағдайға түсінік берді. 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың мемлекетке қарыз екені Telegram-дағы PROTENGE каналында жарияланды.

Алайда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Ал Түркістан облысының әкімдігі Өмірзақ Шөкеевтің қарызы жоқ екенін, бұл техникалық қате болуы мүмкін екенін жеткізді.

Сондай-ақ, Жамбыл облысының әкімдігі Бердібек Сапарбаевтың салық төлегенін атап өтті. 

Қаржы министрлігі болған жағдайға қатысты түсінік берді. Олардың мәліметінше, әкімдер салықты белгіленген мерзімнің соңғы күні төлепті.

«Техникалық қате болған жоқ. Олар кеше төледі. Тиісті қаражат бірден жеке шоттарға түсті. 2019 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі — 1.10.2020», — дейді министрлік қызметкерлері.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега