«Әкімдік кеш қимылдады» (видео)
Мақтааралдықтар төтенше жағдайдыңне себепті ертерек жарияланбағанын түсіне алмай отыр.
Су тасқынына ұшыраған Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы жұртшылық апатқабайланысты төтенше жағдайдың кеш жарияланғанын айтып отыр. Соның салдарынанәкімдік алтын уақытты босқа өткізіп алған.
Біз бүгін тәжік ұлтының өкілдері тұратын Мақтаарал ауданы Фирдоуси ауылының тұрғыныменсөйлескен едік.
-Кеше таңертеңнен бастап Өзбекстандағы туыстарымызхабарласып, Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасындағы дамбаның бұзылғанын,енді көп ұзамай Мақтааралға да судың келетінін айтып, ескерту жасады. Ауылшетіндегі каналдағы су деңгейі кешке қарай көтеріле бастады. Таңға жақынауылдың халқы көшірілді. Әркім өз күшімен кетті. Автобустар бәрі біткен соң, кейінкелді. Құтқарушылардың қайда жүргенінбілмейміз. Ауылға келетін арықтарды жабу үшін өзіміз трактор жалдауға мәжбүрболдық. Төтенше жағдай қызметіне хабарлассақ, бір-біріне сілтеп, нақты жауапбермеді. Малдың бәрін босатып, айдап жібердік. Қазір малға, үй-жайға қарапжатқан ешкім жоқ. Бәрі бас амандығын ойлап жатыр. Алдымен көрші жатқан Жеңіс, Сардоба ауылдарынсу басты. Су қазір Фирдоусиге кіре бастады. Енді 3-4 сағатта бұл елді мекен десу астында қалады. Қазір бізді Атакент ауылындағы мектепке алып келді. Өзімізоразамыз. Кешкісін бұйырған дәммен ауыз ашатын шығармыз. Осындағы ағайындаркеліп, жәрдем беріп жатыр,-деді тұрғындардың бірі.
Өзбекстандағы Сардоба су қоймасындағы бөгет кеше таңғыуақытта қатты жаңбыр мен желден кейін бұзылған. Апаттан екі адамның қазатапқаны айтылуда. Сол 1 мамыр таңертеңнен бастап WhatsApp жүйесі арқылы тасқынсудың Жетісайға да келетіні туралы хабарлама тарап жатты. Аудиожазбада ер кісіөзбек тілінде «судың Жетісайға да жететініне гарантия беретінін» айтады. Осыданкейін халық арасында абыр-сабырбасталды. Ал жергілікті әкімдік әзірге сел қаупінің төніп тұрмағанын айтып,халықты тыныштандырумен болды. Түн ортасынан кейін әлгі аудиодағы хабарламаның100 пайыз шындық екендігі, Мақтааралауданында төтенше жағдайдың жарияланғаны бүгін таңға жақын белгілі болды. Яғни,әкімдік жарты күннен астам уақытты текке жіберіп алған сияқты.
Біз тілдескен тұрғындардың айтуынша, әкімдік кешқимылдады. Егер іске дер кезінде кіріскенде, бәлкім апаттан келетін шығындыазайтуға болар ма еді.
Қазір Мақтааралда 4 елді мекеннен 5400 адамэвакуацияланды.
Тұрғындардың біразы туыс-туғанына кетсе, үш мыңға жуығыАтакент кентіндегі 10 мектепке бөліп орналастырылған. Олар азық-түлік, ыстықтамақпен толық қамтамасыз етілуде.
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,
Түркістан облысы