Саясат

Әкімнің баласы әкім болды

Мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ жарлығымен Ғали ЕСҚАЛИЕВ Батыс Қазақстаноблысының әкімі болып тағайындалды.

Jasalash.kz

ҒалиНӘЖІМЕДЕНҰЛЫ 1970 жылы туған, білімі жоғары. Батыс Қазақстан аграрлықуниверситетін «экономика», Халықаралық бизнес академиясын «менеджмент»мамандығы бойынша бітірген.

Әржылдары «Тұран-Әлем банк» АҚ Орал қаласындағы филиалында маман, бөлім басшысы,«Темірбанк» АҚ филиалының директоры, БҚО Кәсіпкерлікті қолдау және дамудепартаментінің директоры, «Қазақстан даму банкі» АҚ атқарушы директоры,вице-президенті, басқарма төрағасы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Ақтөбеоблысы әкімінің орынбасары, Астана қаласы әкімдігі қалалық Ортанырегенерациялау басқармасының басшысы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің біріншіорынбасары болып жұмыс істеген.

Айтакетейік, Ғали Есқалиевтің әкесі Нәжімеден ЕСҚАЛИЕВ  1986 жылдан 1993 жылға дейін Орал (қазіргіБатыс Қазақстан) облысын басқарған болатын.

Фото: ibirzha.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега